Авторефераты Қазақстан Республикасы



страница1/5
Дата25.06.2013
Размер0.69 Mb.
ТипАвтореферат
  1   2   3   4   5



ӘОЖ 37.022:371.13:37.01 Қолжазба құқығында

САЙЛЫБАЕВ БАХЫТЖАН


Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың ғылыми негіздері
13.00.01-Жалпы педагогика, педагогика және білім

тарихы, этнопедагогика


Педагогика ғылымдарының докторы

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
авторефераты




Қазақстан Республикасы

Түркістан, 2010
Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалған

Ғылыми кеңесшісі: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Б.К.Момынбаев

Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Қ.Ж.Қарақұлов

педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Т.Баймолдаев

педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Р.С.Омарова

Жетекші ұйым: Х.Досмұхамедов атындағы

Атырау мемлекеттік университеті

Қорғау 2010 жылы ____ тамызда сағат ____ Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д14.61.35 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы, кіші мәжіліс залы.

Диссертациямен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы.

Автореферат 2010 жылы «____» _____________ таратылды

Диссетациялық кеңестің

ғалым хатшысы Б.Қ.Мухамеджанов
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда әлемдік ғаламдану кезеңінде көрініс алып отырған білім беру саласындағы өзара ықпалдасу үдерісінің тереңдей түсуі, білім берудің ұлттық жүйелерінің бірігуі мен өзара әрекеттесуі әлемдік біртұтас білім беру кеңістігін құрудың қажеттілігін дәлелдеп отыр. Әлемдік білім беру кеңістігінде кәсіби білім берудің біртұтас жүйесін құрудың негізгі идеялары болып адамға үздіксіз көпдеңгейлі кәсіби білім беру үшін барынша мүмкіндік жасау; тұлғаның үздіксіз шығармашылықпен дамуы, өзгеруі және жетілуі; оның білім алу кеңістігіндегі жаңалыққа ұмтылысын қамтамасыз ету және кәсіби білім алуы үшін қолайлы жағдайлар жасау; тұлғаға білім алу траекториясын өз мүддесіне, бейімділігі мен қажеттіліктерін ескере отырып қалыптастыруға мүмкіндік беру саналады. Мұның бәрі кәсіби білім берудің көпдеңгейлілігі бағдарламаларында көрініс тауып, практикада жүйелі бірізділікте жүзеге асырылуы тиіс.


Әлемдік білім беру кеңістігіндегі білім берудің мұндай біртұтас жүйесін құрудың негізгі идеялары мен бүгінгі күнгі жоғары білім беруді жетілдірудің негізгі бағыттары Еуропа жоғары білімінің ең маңызды құрылымдық реформасының негізін қалаушы Болон декларациясында көрініс алуда.

Үздіксіз көпдеңгейлі білім беру жүйесінде мамандардың кәсіби даярлығының сапасын арттырып, оны басқарудың бірізділігі мен сабақтастығын теориялық тұрғыда негіздеп, ғылыми-әдістемемен қамтамасыз ету Қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасу үдерісіндегі зерттеуді және оны біртіндеп жүзеге асыруды қажет ететін басты мақсаттардың біріне айналып отыр. Бұған «Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің 2015 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы» да, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» да дәлел болады.

Соңғы жылдары психология, педагогика ғылымдары саласында жарық көрген еңбектерге жасаған талдау үздіксіз кәсіби білім беру жүйесін құрудың теориялық-әдіснамалық және тұжырымдамалық негіздерінің (А.П.Владиславлев, Б.С.Гершунский, А.В.Даринский, А.М.Новиков, В.Г.Онушкин, В.П.Понасюк, В.А.Сластенин және т.б.), орта және жоғары кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесін жетілдірудің теориясы мен практикасының (С.С.Абдыманапов, Г.К.Ахметова, С.А.Ұзақбаева, Д.З.Жусупова, Х.М.Рахымбекова, Е.А.Мамбетказиев, Т.С.Садықов, М.Н.Сарыбеков және т.б.), үздіксіз педагогикалық білім беру мәселесінің теориялық және әдіснамалық аспектілері мен әр елдердегі үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің даму жолдарының (Е.П.Белозерцев, Н.Д.Никандров, Б.С.Гершунский, Н.К.Гончаров, В.Г.Онушкин, А.Н.Орлов, В.Н.Турченко, А.К.Кұсайынов, Б.К.Момынбаев, Ш.Т.Таубаева, Е.Ш.Қозыбаев және т.б.) салыстырмалы түрде жан-жақты қарастырылғанын көрсетеді.

Көпдеңгейлі педагогикалық білім берудің теориясы мен практикасы, үздіксіз кәсіби білім беруді модельдеу, үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру деңгейлерінің стандарттары мен білім беру бағдарламалары мазмұнының сабақтастығы және үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім берудің мазмұнын жобалау мәселелері, сонымен бірге үздіксіз педагогикалық білім беру сабақтастығының ұйымдастыру-педагогикалық негіздері мен оны жүзеге асыруды әдістемелік қамтамасыз ету жүйесі, білім берудің көпсатылы жүйесінде оқыту үдерісін даярлау мәселелері бірқатар ғалымдардың (Н.А.Бирюкова, С.М.Годник, В.Л.Ермоленко, Н.А.Завалко, Е.М.Ибрагимова, В.А.Кузнецова, В.М.Ушакова, К.К.Закириянов, Т.А.Қышқашбаев, К.Т.Өстеміров және т.б.) зерттеулерінде көрініс тапқан.

Үздіксіз көпдеңгейлі кәсіби білім берудің аймақтық жүйесін құрудың ұйымдастыру-әдістемелік негіздері, оқу-ғылыми-педагогикалық кешенді инновациялық білім беру жүйесі ретінде жобалау, аймақтық білім беру жүйесінің қалыптасуы жағдайында үздіксіз көпдеңгейлі педагогикалық білім беру сапасын басқару мәселелері В.А.Арнаутовтың, Л.Ф.Григорьевтың, Ю.Н.Петровтың, Н.К.Сергеевтің, В.В.Тарасовтың, Т.П.Досанованың, «колледж-жоғары оқу орны» жүйесінде мұғалімдер даярлаудың үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік негіздері Т.Н.Громова, В.С.Щелгунов, Л.И.Мищенко, Л.П.Стойлова, Н.Н.Светловская, С.З.Қоқанбаев және т.б. еңбектерінде зерттелген.

Бірқатар еңбектерде (Х.Абдукаримов, В.В.Арнаутов, С.И.Архангельский, В.И.Загвязинский, А.И.Мищенко, Б.А.Альмухамбетов, А.А.Жайтапова, Ж.К.Оңалбек, К.М.Беркімбаев, Р.С.Омарова, А.А.Молдажанова, А.Қарақов, К.С.Успанов және т.б.) үздіксіз білім беру жағдайында болашақ мұғалімдердің кәсіби-тұлғалық дамуының кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігі қалыптасуының теориялық-әдіснамалық негіздері, үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінде мамандардың біліктілігін арттыру, үздіксіз педагогикалық білім берудің теориясы мен практикасында мұғалім тұлғасын қалыптастыру, үздіксіз білім беру үдерісінде мұғалімнің кәсіби-құндылық бағдарын қалыптастыру мәселелері зерделенсе, енді бірінде педагогика ғылымында кәсіби педагогикалық білім беруді ізгілендіру (М.Н.Берулава, И.Ф.Исаев, Л.С.Подымова, А.А.Бейсенбаева, Б.Д.Кисиков, Р.А.Мұқажанова және т.б.), білім берудің адамгершілік-тұлғалық негіздерін жетілдіру (Ш.А.Амонашвили, А.А.Калюжный және т.б) мәселелеріне мән беріледі.

Бүгінгі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде педагогикалық кадрлар даярлауды басқару саласында да біршама еңбектер орындалған. Оларда басқарудың теориялық-әдіснамалық негіздері (В.Г.Афанасьев, А.К.Белых, А.И.Берг, Д.М.Гвишиани, А.М.Омаров, Ю.А.Тихомиров және т.б.), білім беру жүйелерін басқарудың ерекшеліктері (Т.И.Березина, В.И.Загвязинский, Ю.А.Конаржевский, М.И.Кондаков, А.А.Орлов, М.М.Поташник, И.К.Шалаев, Қ.Ж.Қарақұлов, Н.А.Абишев, Н.Асанов, Д.Н.Кулибаева, Т.Баймолдаев, С.М.Бахишева және т.б.), білім беру үдерісін басқару (В.П.Беспалько, Г.Г.Корзникова, В.А.Якунин, Г.З.Адильгазинов, У.С.Абдукаримова, Л.Н.Ким, М.Ф.Шапиро және т.б.), білім берудегі инновациялық үдерістерді басқару мәселелері (А.М.Моисеев, А.Е.Капто, А.В.Лоренсов, Л.П.Редько, Ш.К.Амир, С.М.Бахишева, А.К.Рысбаева, Г.Д.Такенова, Н.И.Хван және т.б.) негізделеді.

Орындалған еңбектердің ішінде, зерттеу тақырыбына жақын-ау деген еңбектерде (Қ.Ж.Қарақұлов, Н.Асанов, Т.Баймолдаев, К.А.Жусупова, Е.Ш.Қозыбаев) жоғары білім беру жүйесін педагогикалық менеджменттің негізінде басқару теориясының әдіснамалық негізін жасау, ИСО-9000 халықаралық стандартына негізделген жоғары оқу орнының сапа менеджменті жүйесінің моделін жасау, қазіргі орта мектепті басқарудағы педагогикалық менеджмент мәселесі қарастырылады.

Сонымен, ғылыми зерттеулерге жасаған талдау үздіксіз көпдеңгейлі кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде педагог кадрларды даярлауды сабақтастықпен басқару мәселесінің әлі де болса зерттеу нысаны болмағандығын көрсетеді.

Демек, үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқаруға қажеттіліктің артуы мен бүгінгі дәстүрлі білім беру жүйесінде бұл мәселеге әлі де болса өз деңгейінде назар аударылмауы арасында; үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқаруды жаңа сапаға көтеруге байланысты талаптардың артуы мен оны жүзеге асыруға байланысты ғылыми теорияға негізделген әдістеменің жоқтығы арасында қарама-қайшылық анық байқалады.

Осы қайшылықтардың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемасын анықтауға және тақырыпты «Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың ғылыми негіздері» деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеу нысаны - үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесін басқару үдерісі.

Зерттеу пәні – үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғлімдер даярлауды сабақтастықпен басқару.

Зерттеудің мақсаты - үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқаруды теориялық-әдіснамалық тұрғыда негіздеу, мазмұны мен технологиясын анықтау және әдістемесін жасау.

Зерттеудің болжамы – егер, педагог кадрларды даярлауды сабақтастықпен басқарудың әдіснамасы мен теориясына негізделген құрылымдық-функционалдық моделі жасалып, психологиялық-педагогикалық шарттары анықталса және солардың негізінде үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқару тұжырымдамасы жасалып, оларды жүзеге асырудың технологиясы мен механизмі айқындалса, онда үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды басқару әдістемесінің тиімділігі артады, ал бұл болса заман талабына сәйкес білікті маман иесін даярлауда септігін тигізеді.

Зерттеу міндеттері:

1.Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың әдіснамалық негіздерін анықтау.

2. Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың мәні мен мазмұнын айқындау және құрылымдық-функционалдық моделін жасау.

3. Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау және психологиялық-педагогикалық шарттарын айқындау.

4. Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқару тұжырымдамасын жасау.

5. Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың технологиясы мен механизмін анықтау.

6. Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқару әдістемесін жасау.

Жетекші идея: үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқару болашақ мұғалімдердің қоғам талабына сай кәсіби дамып, жетілуіне септігін тигізеді.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері болып, мұғалімдерді кәсіби даярлау қағидалары; үздіксіз педагогикалық білім беру мәселелері; сабақтастықпен басқару; әлеуметтік, педагогикалық теория; кадрларды даярлауды басқарудың теориясы; педагогикалық менеджмент идеялары; басқару ісін жоспарлаудағы және ұйымдастырудағы кәсіби іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлық, жүйелік мәдениеттілік, технологиялық, инновациялық тәсілдер табылады.

Зерттеу көздері: философтардың, психологтардың, педагогтардың, әдіскерлердің еңбектері, Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары (Конституция, Заңдар мен бағдарламалар), Білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттары (тұжырымдамалар, бағдарламалар, стандарттар, оқулықтар, оқу құралдары және т.б.), ғылыми-педагогикалық мерзімді басылымдар, диссертанттың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі саласында басылым көрген еңбектерді талдау; үздіксіз білім беру жүйесінің сабақтастықпен басқару тәжірибесін зерттеу; анкета жүргізу, әңгімелесу, бақылау, педагогикалық эксперимент, рейтинг, алынған нәтижелерді сұрыптау, статистикалық өңдеуден өткізу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәні:

  1. Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды басқарудың ұстанымдары және сабақтастықпен басқарудың әдіснамалық тұғырлары айқындалды.

  2. Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың мәні, мазмұны негізделді және құрылымдық-функционалдық моделі жасалды.

  3. Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың өлшемдері мен көрсеткіштері анықталды және психологиялық-педагогикалық шарттары айқындалды.

  4. Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқару тұжырымдамасы жасалды.

  5. Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың технологиясы және механизмі анықталды.

  6. Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқару әдістемесі жасалды және оның тиімділігі тәжірибелі-эксперимент барысында дәлелденді.

Зерттеудің практикалық мәні сол, үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесіне:

  • «Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың тұжырымдамасы»;

  • Оқу-әдістемелік кешен (стандарт (0621-Дәстүрлі өнер-жыр мамандығы бойынша), бағдарламалар («Мұғалімнің гуманистік-тұлғалық педагогика идеяларын жүзеге асырудағы даярлығы», «Мектептегі инновациялық қызметті басқару», «Мұғалімнің кәсіби білімін жетілдіруді сабақтастықпен басқару», «Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқаруды жүзеге асыру»), оқулықтар, оқу құралдары («Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін сабақтастықпен басқару», «Математиканы оқытудағы сабақтастық»), әдістемелік нұсқаулар, ұсыныстар («Университеттің білім беру қызметін ұйымдастырудың негізгі құжаттары», «Педагогикалық колледж-университет жүйесінде бастауыш сынып мұғалімдерін екі сатылы даярлау», «Кредиттік технология негізінде оқыту үдерісін ұйымдастыру», «Система рейтинговый оценки деятельности преподавателей университета», «Организация учебного процесса с использованием дистанционной образовательной технологии в университете») ендірілді.

Зерттеу нәтижелерін жоғары және арнайы орта кәсіби оқу орындарында, жалпы білім беретін мектептерде, гимназиялар мен лицейлерде, мектепке дейінгі мекемелерде, педагог кадрлар біліктілігін арттыру институттарында пайдалануға болады.

Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылады:

  1. Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқару нақты ұстанымдарға (сабақтастық, диатропиялық, диалогтандыру, ізгілендіру, интеграциялау, координациялау, басқару мен өзін-өзі басқарудың бірлігі және т.б.), әдіснамалық тұғырларға (танымның диалектикалық әдісі, теория мен практиканың бірлігінің ұстанымы, қарама-қайшылықтың бірлігі мен шешілу заңы, сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге көшу заңы және т.б.) негізделеді.

2. Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың мәні мен мазмұны оның мақсатын, міндеттерін, ұстанымдары мен бағыттарын, формалары мен әдістерін бірлікте қамтып көрсетеді. Құрылымдық-функционалдық модель болса, басқарушылық қызметтің өзара байланысы мен өзара шарттастығын және болашақ мұғалімнің кәсіби дамып, қалыптасуына ықпал жасайтын көпсалалы үздіксіз педагогикалық білім берудің біріңғай басқарушылық үдерісін қамтамасыздандырады.

3. Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқару өлшемдер мен көрсеткіштер арқылы анықталады және психологиялық-педагогикалық шарттар (мұғалімдерді даялаудың барлық кезеңдерінде педагогикалық білім беруді ізгілендіру парадигмаларын жүзеге асыру; мұғалімдерді даярлаудың идеологиясы, мазмұны мен технологиясы арасындағы сабақтастықты сақтау және осы үдерісті басқару; білім беруді басқаруды ізгілендіру; мұғалімдер даярлауды басқарудың мақсаттары, міндеттері, мазмұны мен әдістерінің арасындағы сабақтастықты орнату; маман даярлаудың барлық кезеңдерінде олардың өзара байланысын анықтау) арқылы іске асырылады.

4. Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқару тұжырымдамасы мақсат-міндеттерді, еліміздегі үздіксіз білім беру жүйесінің жай-күйін, жаңа тұрпатты мұғалімге қойылатын талапты, үздіксіз білім беру жүйесінде басшылыққа алынатын ұстанымдарды, негізгі бағыттарды, құрылымдық мазмұнды, үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесін басқару қызметін және перспективалық жолдарды қарастырады.

5. Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың технологиясы басқаруды ұйымдастырудың заңдары, заңдылықтары мен ұстанымдарының; ақпаратты жинау мен өңдеудің әдістері мен құралдарының; тұлғаға тиімді ықпал жасау тәсілдерінің; бақылау жүйелерінің біртұтас жиынтығын қамтиды, ал механизм осы технологияны жүзеге асырады.

6. Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқару әдістемесі эксперимент барысында тиімділігі дәлелденген тәжірибеге негізделеді және болашақ маманның кәсіби іскерлігін қалыптастыруға бағытталады.
  1   2   3   4   5

Похожие:

Авторефераты Қазақстан Республикасы iconАвторефераты қазақстан Республикасы

Авторефераты Қазақстан Республикасы icon2012 жылғы 15 қантарға тағайындалған
Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының сайлауына Қазақстан...
Авторефераты Қазақстан Республикасы iconЕскенова Айнур Ерболовна Кедейшілікпен күресу мәселесі мен Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру деңгейін арттыру 6М050600 Экономика Магистерлік диссертация
Кедейшілікпен күресу мәселесі мен Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру деңгейін арттыру
Авторефераты Қазақстан Республикасы iconС. Д. Асфендияров атындағЫ
«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына өткізілген іс-шаралар бойынша есеп» туралы
Авторефераты Қазақстан Республикасы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі №1198 Қаулысы
Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидаларын бекіту...
Авторефераты Қазақстан Республикасы iconДиссертация ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Ғ.Қазмағамбетов Қазақстан Республикасы
Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдаланудың педагогикалық шарттары
Авторефераты Қазақстан Республикасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «парасат» Ұлттық Ғылыми-технологиялық холдингі ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ
Білім беруді ақпараттандыру саласындағы терминдер мен оның анықтамаларының қазақ тіліндегі педагогикалық сөздігі
Авторефераты Қазақстан Республикасы iconРешением Общего Собрания оюл «Казахстанская Электроэнергетическая Ассоциация»
«Еңбегі сіңген энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы», «Құрметті энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы»,...
Авторефераты Қазақстан Республикасы iconТатарстан республикасы конституция судының 2009 елда башкарган эше турында мәгълүмат
Татарстан Республикасы хокукый системасында Татарстан Республикасы Конституциясенең өстенлеген һәм турыдан-туры гамәлдә булуын хуплау...
Авторефераты Қазақстан Республикасы iconБакы шящяри, 12 август 1999-жу ил
«Мядяниййят щаггында» Азярбайжан Республикасы Ганунунун тятбиг едилмяси барядя» Азярбайжан Республикасы Президентинин 1998-жи ил...
Разместите кнопку на своём сайте:
ru.convdocs.org


База данных защищена авторским правом ©ru.convdocs.org 2016
обратиться к администрации
ru.convdocs.org