Авторефераты Қазақстан Республикасы



страница2/5
Дата25.06.2013
Размер0.69 Mb.
ТипАвтореферат
1   2   3   4   5

Зерттеудің негізгі кезеңдері. Бірінші кезеңде (2000-2004 жж.) зерттеу мәселесі айқындалып, ғылыми аппараты құрылды, тақырып бойынша материалдар жиналды. Эксперимент жұмысының жоспары, бағдарламасы жасалды. Оқу-әдістемелік материалдар сұрыпталды. Оқу орындарының құжаттары зерделенді.

Екінші кезеңде (2004-2007 жж.) анықтау эксперименті барысында оқушылар-студенттер-мұғалімдердің алғашқы білім деңгейлері тексерілді, нәтижесі қорытындыланды, қалыптастыру эксперименті жүзеге асты (тест, сауалнама жүргізіліп, тапсырмалар берілді және т.б.), аралық кесінділер алынып, теориялық материалдар жүйеге келтірілді.

Үшінші кезеңде (2007-2010 жж.) қалыптастыру эксперименті жалғасын тапты, зерттеу нәтижелері сұрыпталып, өңделді. Оқу-әдістемелік материалдар басылым көрді. Диссертация талап бойынша рәсімделді, әдебиеттер жүйеленді.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі теориялық-әдіснамалық және әдістемелік тұрғыда дәлелденуімен, жұмыс мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен, кешенді әдістерді пайдаланумен, эксперимент бағдарламасының мақсатқа сәйкестілігімен, нәтижелерінің деректі материалдар негізінде қорытындылануымен, зерттеудің негізгі қағидалары мен нәтижелерінің практикаға ендірілуімен, алынған нәтижелердің тиімділігімен, ғылыми болжамның дәлелденуімен, ізденушінің жоғары оқу орнындағы жұмыс тәжірибесімен қамтамасыздандырылады.

Зерттеу нәтижелерін сынықтан өткізу және практикаға ендіру: Зерттеудің негізгі нәтижелері халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда: «ТМД және Балтық елдері университеттерінің ынтымақтастығы. Университеттер мен қоғам» (Мәскеу, ММУ-2001); «Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі: стратегиясы, технологиясы және мәселелері» (ТарМУ-2003); «Қазақ мектебі ХХІ ғасыр: мәселелері мен болашағы (Қаз. мем. қыздар пединституты. Алматы-2006); «12 жылдық орта білім беруді жүзеге асыруды ғылыми қамтамасыз ету» (Абай атындағы ҚазҰПУ-2007); «Уалиханов оқулары» (Көкшетау-2007); «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру: қазіргі ахуалы, үдерістері мен даму мәселелері» (Қаз. мем. қыздар пединституты. Алматы-2007); «Жоғары кәсіби білім берудің сапасын арттырудың маңызды мәселелері» (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Қызылорда - 2002); «Үздіксіз кәсіби білім беру: мәселелері мен болашағы (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Қызылорда-2006)»; «Құзыреттілік тұрғыда педагогикалық білім берудің өзекті мәселелері» (БҚМУ, Орал-2007); Қызылорда облыстық ғылыми конференциялар мен ғылыми-практикалық семинарларда баяндалды. Мерзімді басылымдарда, жарық көрген бағдарламаларда, әдістемелік құралдар мен нұсқауларда, монографияда, мақалаларда көрініс тапты.

Диссертацияның құрылымы. Жұмыс кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.


Кіріспеде тақырыптың көкейкестілігі, зерттеудің нысаны, пәні, мақсаты мен міндеттері, болжамы, ғылыми жаңалығы, әдіснамалық-теориялық және практикалық мәні, әдістері, қорғауға ұсынылатын қағидалар беріледі.

«Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың әдіснамалық негіздері» атты бірінші бөлімде үздіксіз кәсіби білім беру жүйесінде педагог кадрларды даярлауды басқарудың мәні сипатталады, мұғалімдерді даярлауды басқарудың ұстанымдары, мұғалімдерді даярлау үдерісін сабақтастықпен басқарудың әдіснамалық тұғырлары баяндалады.
«Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың теориялық негіздері» атты екінші бөлімде үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың мәні, мазмұны, заңдылықтары мен ұстанымдары қарастырылады, құрылымдық-функционалдық моделі мен психологиялық-педагогикалық шарттары беріледі, мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқару тұжырымдамасының мазмұндық сипаты ұсынылады.

«Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың әдістемелік негіздері» атты үшінші бөлімде үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесі кезеңдерінің стандарттары мен білім беру бағдарламаларының тұжырымдамалық қағидалары, кәсіби білім беру бағдарламалары мазмұнындағы сабақтастық мәселесі, кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мамандар даярлауды сабақтастықпен басқарудың технологиясы мен механизмдері қарастырылады.

«Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудағы тәжірибелі-эксперимент жұмысы» атты төртінші бөлімде үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдерді даярлауды сабақтастықпен басқаруды ұйымдастыру әдістемесі мен тәжірибелі-эксперимент жұмысының нәтижесі ұсынылады.

Қорытындыда зерттеудің негізгі нәтижелері, қағидалары тұжырымдалады, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқару ұғымы аса күрделі, көпсалалы ұғым болып табылады.

Оның теориялық-әдіснамалық негіздері мен практикалық механизмін жасау, осы бағыттағы теориялық зерттеулер мен мәселенің бүгінгі тәжірибедегі жағдайын жан-жақты қарастырудың, сонымен бірге әлеуметтік және педагогикалық басқарудың стратегиялық болжамына талдау жасаудың негізінде ғана мүмкін болады.

Басқару өзінің кең мағынасында эволюциялық үдерісте дамитын және тірі табиғаттың, қоғамдық жүйе мен оның экономикасының, бүкіл ноосфераның, сонымен бірге танымның өзін-өзі реттеу және өздігінен даму үдерістерінің негізі болып табылатын қызметтік жүйе ретінде қарастырылады (Р.Ф.Абдеев).

«Басқару» ұғымының тарихи-генетикалық саласын әлеуметтік тұрғыда зерттеу, оның бағыныстылықтан бейімделушілікке, одан әрі өзара әрекет етуге қарай дамитындығын және басқару теориясында ізгіліктік тенденциялары мен өзін-өзі басқаруға басымдылық берілетіндігін көрсетеді.

Басқару нысандары мен субъектілерінің арасындағы айырмашылықтарға қарамастан, әртүрлі саладағы басқару қызметтерінде бірқатар ұқсастықтар да кездеседі. Біріншіден, кез келген әлеуметтік жүйеде өзіндік ерекшеліктері мен ортақ белгілері бар жеке тұлға сол жүйенің негізгі буыны болып табылады. Көп жағдайда бұл, әлеуметтік жүйені басқарудың бейне бір «іштей» ортақ белгілерінен көрініс береді. Екіншіден, басқарудың жалпы заңдылықтары мен негізгі ұстанымдары қоғамдық өмірдің қай саласында болмасын, басқару қызметінің мазмұнын анықтайтын негізгі мәселе болып табылады.

Әйтседе, әртүрлі басқару қызметінің үдерісінде орын алатын ортақ нәрселерді көрсетумен бірге, оның нақты бір жүйенің шеңберінде ғана жүзеге асырылатындығын да ескерген жөн.

Ғылыми әдебиеттерге жасаған талдау педагогикалық басқару теориясы негіздерінің жан-жақты зерделенгенін (К.Я.Вазина, Ю.В.Васильев, Ю.А.Конаржевский, М.И.Кондаков, В.П.Симонов, П.И.Третьяков, Қ.Ж.Қарақұлов, Н.А.Абишев, Н.Асанов, Т.Баймолдаев, Н.Д.Хмель К.А.Жусупова, С.К.Исмагулова, Е.Ш.Қозыбаев, Ж.Б.Умирбекова және т.б.), «басқару» ұғымына бірқатар анықтама-түсініктер берілгенін, кейінгі жылдары «менеджмент», «педагогикалық менеджмент» ұғымдарына аса мән беріліп жүргенін дәлелдейді.

Көптеген ғалымдар «педагогикалық менеджментке» бастапқы ұғым ретінде назар аударып, педагогикалық менеджментті бүгінгі нарық жағдайындағы білім беруді басқару ретінде қарастыра отырып оның мынадай негізгі қызметтерін атап көрсетеді: білім беру жүйесіндегі құрылымдық өзгерістерді стратегиялық жоспарлау мен болжамдау; білім берудегі қажеттіліктерді анықтап, соның негізінде жаңа білім беру қызметтерін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру; білім беру мекемелерінің инновациялық қызметін мотивациялау.

Қазіргі білім беруді басқару болса, сапа менеджменті жүйесімен байланыста қарастырылып, «білім берудің сапасын басқару» ұғымы мемлекеттік білім беру стандарттарына және қоғамның талабына сай тұлғаның білім алуға деген қажеттілігін барынша қанағаттандыруға сәйкес келетін, білім беру қызметін ұсынуды ұйымдастыруға бағытталған іс-әрекет ретінде түсіндіріледі.

Бүгінгі оқу орындарындағы білім беруді басқару үдерісіне жасаған талдау, басқаруды тек басқарушы субьектінің басқару нысанына ықпал етуінің тәсілі ретінде қабылдауға болмайтындығын көрсетеді. Педагогикалық жүйедегі әрбір басқару нысандарының өздігінен дамитындығын және олардың бір-біріне өзара тығыз байланыста әсер ете отырып, басқарушы субъектіге де ықпал жасайтындығын ескеріп, соған байланысты оларды субъект ретінде де қарастыруға болады. Демек, өз кезегінде басқарушы субъект ақпараттар ағыны, кері байланыс арқылы басқару нысанының ықпалында болуымен қатар, басқару нысанының да рөлін атқаруы да мүмкін.

Басқарудың жалпы теориясы мен педагогикалық менеджмент саласында орындалған ғылыми әдебиеттерде «басқару қызметі» ұғымына берілген жіктемелер де кездеседі. Олардың бірқатарында (Ю.А.Конаржевский, П.И.Третьяков, Қ.Ж.Қарақұлов, К.А.Жусупова, С.К.Исмагулова, Е.Ш.Қозыбаев, Г.Д.Такенова және т.б.) «басқару қызметі» ұғымы бірін-бірі кезекпен ауыстырып отыратын басқару қызметінің түрлері ретінде қарастырылады. Солардың ішінде біз, үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастық негізде басқару қызметінің түрлерін анықтауда П.И.Третьяковтің басқару қызметіне берген жіктемесін толықтыра отырып негізге аламыз.

Болашақ мұғалімдер даярлауды басқарудың субъектісі болып табылатын «білім беру жүйесі» мен «педагогикалық жүйе», «үздіксіз білім беру жүйесі» мен «үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесі» категорияларына жасаған ұғымдық-терминологиялық, мән-мәтіндік, құрылымдық-бағыныстылық талдау ғылыми әдебиеттерде бұл жөнінде олардың көп салалы, күрделі ұғымдар екендігіне байланысты біріңғай түсініктің жоқ екендігін дәлелдейді.

Білім беру жүйесі – ұйымдық құрылымы өте күрделі әлеуметтік жүйе. Оған барлық жүйелерге ортақ қасиеттер мен белгілер тән.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде педагогикалық жүйе жеке тұлғаның қалыптасып дамуына бағытталған, бір-бірімен, қоршаған ортамен, оның рухани және материалдық құндылықтарымен ынтымақтастық негізінде өзара әрекеттестіктегі педагогикалық үдеріске қатысушылардың әлеуметтікке негізделген тұтастығы деп түсіндіріледі.

Үздіксіз білім беру жүйесі, мемлекеттік-қоғамдық оқу орындары желісінде өздігінен білім алу үдерісінде адамдарға жалпы және кәсіби білім берудің, мәдени-эстетикалық қарым-қатынасқа тәрбиелеудің, олардың әлеуметтік тұрғыда жетілуін, мәдени болмысын дамытып, жетілдіру жолдарының, құралдарының, тәсілдері мен түрлерінің біртұтас жиынтығы немесе педагогикалық жүйесі ретінде қарастырылады.

Көптеген зерттеулерде (А.В.Даринский, Т.А.Кузнецова, Ю.Н.Кулюткин, В.Г.Онушкин, Г.К.Ахметова, С.З.Қоқанбаев, К.С.Мусин, Н.Д.Хмель және т.б.) ғалымдар үздіксіз білім беруді қазіргі әрекеттегі білім беру мекемелерінің жүйесі ретінде қарастыра отырып, ондағы білім берудің мазмұны мен технологияларының сабақтастығын қамтамасыз ету мәселесін алға қояды. Олардың пайымдауынша, үздіксіз білім беру – бұл қоғамдық қажеттіліктер мен жеке адамның талап-тілектерін ескере отырып, оларға жалпы білім беріп, кәсіби даярлаудың мүмкіндіктерін қамтамасыз-дандыратын мемлекеттік және қоғамдық мекемелердің шынайы әрекеттегі жүйесі болып, ал бүкіл жүйе мен оның бөлімдері ұйымдастыру мен басқарудың нысандары болып табылады.

Бұл анықтамада үздіксіз білім беру жүйесі тұлғаның өмір бойы әртүрлі білім мекемелерінде оқу мүмкіндігін қамтамасыз ететін және оған білімін өздігімен тиімді ұштастыруға мүмкіндік беретін білім беру жүйесін құрудың аса маңызды әлеуметтік-педагогикалық ұстанымы ретінде көрініс табады. Демек, қазіргі кезеңдегі үздіксіз білім берудің басты идеясы – тұлғаның өз өмірінде әрекет субъектісі ретіндегі тұрақты дамуы болып табылады.

Бүгінгі қоғамда қалыптасқан жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайлар, әлемдік қауымдастықтың даму үдерістері мен білім беру жүйесінің даму дискреттілігі үздіксіз білім беру мен оны басқару жүйесіне қатысты жаңа көзқарас пен тұжырымдамаларды қажет етеді.

Үздіксіз педагогикалық білім беру ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының екінші жартысында пайда болып, бүгінгі күнге дейін, негізінен тек экстенсивтік тұрғыда шешімін тауып келді. Әйтседе мұндай мәселені экстенсивтік негізде қарастыру мұғалімге өз әлеуеттік мүмкіндіктерін толығымен пайдалануға мүмкіндік бере бермейді.

Қарастырылып отырған үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесі алғашқыда үздіксіз білім берудің құрамдас бөлігі ретінде ересектердің білім алуының жаппай дамуына байланысты пайда болды. Бүгінгі күні ол үздіксіздік пен үзіктілік, сабақтастық пен дискреттілік жағдайында қызмет етіп, дамып отырған біртұтас педагогикалық жүйе.

Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесі – дискретті, күрделі, қарама-қайшылықты жүйе. Біз оны өз зерттеуімізде үш деңгейде қарастырамыз: біріншіден, мегажүйенің бір бөлігі ретінде (үздіксіз педагогикалық білім берудің мәнін, даму заңдылықтарын қарастыра отырып, оның жалпы үздіксіз білім берудің дамуынан бөлектеуге болмайды); екіншіден, ұйымдық құрылым ретінде; үшіншіден, мазмұндық құрылым ретінде.

Сонымен бірге бұл жүйені үш түрлі ішкі жүйеге бөлеміз: кәсіпке дейінгі даярлық; көпдеңгейлі кәсіби білім беру (орта және жоғары кәсіби білім беру); кәсіби біліктілікті жетілдіру (Сурет 1).



КБ – Кері байланыс

Сурет 1 – Педагогикалық кадрларды даярлауды басқарудың қазіргі

жүйесінің жалпы көрінісі.
Кәсіпке дейінгі даярлық кезеңінде жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына өзіне қажетті кәсіби бағытты анықтауға, мұғалімдік мамандыққа деген көзқарасын дұрыс қалыптастыруға, мамандықты таңдаудағы бағдарының дұрыстығын сезінуге, әлеуметтік белсенділік танытуға, мұғалімнің практикалық қызметінің кейбір элементтерін меңгертуге жағдайлар жасалады.

Көпдеңгейлі негізгі кәсіби білім беру кезеңінде колледж оқушылары мен жоғары оқу орны студенттерінің мақсатты түрде орта және жоғары кәсіби білім деңгейлерінде білім алуы, кәсіби маман ретіндегі қалыптасуы жүзеге асырылады. Колледж бен жоғары оқу орындарындағы біртұтас педагогикалық үдеріс білім алушылардың кәсіби дүниетанымы мен менталитетінің, кәсіби мәнді қасиеттері мен жалпы педагогикалық мәдениетінің дамуына, педагогтік қызметтегі өз мүмкіндіктерін бағалай білуінің қалыптасуына, тұлғалық білімдену-даму траекториясын студенттің өзінің ұйымдастыра білуіне мүмкіндік туғызуға бағытталады.

Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеру кезеңінде маманның практикалық және кәсіби шығармашылық қызметі жетілдіріледі, жеке өзіндік-шығармашылық қабілеті қалыптасады, маманның кәсіби қызметін талдау мен бағалау жүзеге асырылады, авторлық педагогикалық жүйе қалыптасады, мұғалімнің жеке басына тән педагогикалық шеберлігі мен мәдени деңгейі жетіліп, үздіксіз білім алып, дамуына ынта-ықыласы артады.

Әйтседе қазіргі кездегі ғылыми зерттеулерде жүйелік тәсілдің барынша жиі қолданылатындығына қарамастан, практикада мамандар даярлауда көбінесе дискреттілікке жол беріледі. Бұл жағдайда үдерістің бірі педагог тұлғасының құрылымын байытса, екіншісі оны, керісінше, деформациялауы мүмкін. Сондықтан кез келген жүйенің, соның ішінде үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің де дамуының тиімділігі негізінен оны басқарудың мәселесін шешумен тығыз байланысты болады.

Біздің пайымдауымызша, үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінде мамандар даярлауды басқару дегеніміз, мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуына және өздігінен дамуына қол жеткізіп, оны жоғары сапалық деңгейге көтеру үшін басқару субъектісіне мақсатты түрде ықпал ету болып табылады. Бұл жерде басқару субъектісі ақпараттар ағынының көмегімен басқарушы жүйеге әсер ете алатын және өздігінен дами алатын жүйе екендігін де ескеру қажет. Мұндай жағдайда басқару қызметінің негізгі міндеті, басқару жүйесінде белгілі бір мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыздандыруда өзара байланыс пен қатынастарды ұйымдастыру болып табылады.

Біз педагогикалық кадрлар даярлауды басқаруды, оның төмендегідей өзара байланыстағы компоненттерін ажыратуға болатын күрделі жүйе ретінде қарастырамыз: мақсаты, міндеттері, мазмұны, құралдары, формалары, әдістері, басқарудың субъектісі мен нысаны, қызметі, ұстанымдары, факторлары. Басқарудың мұндай жүйесі, жоғары нәтижеге қол жеткізетін басқарушылық байланыстармен интегративті түрде біріккен құрылымдық элементтердің жиынтығы мен біртұтастығы болып табылады. Сонымен қатар, үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды басқару, оның негізгі кезеңдері мен оларды байланыстырушы буындарының арасындағы сабақтастық байланыстардың болуын да қарастырады.

Қазіргі үздіксіз білім беру жүйесінде педагогикалық кадрларды даярлауды басқару көбінесе үзілмелі, дискретті сипатта болып келеді. Демек, мамандар даярлауды басқарудың қазіргі жүйесінде басқарушылық ықпал- әсердің, үздіксіз педагогикалық білім берудің тұтастай жүйесіне емес, оның жеке компоненттеріне, яғни маман даярлаудың белгілі бір кезеңіне ғана бағытталатындығына назар аудару қажет. Бұл арада басқарудағы элемент пен жүйенің басқа элементтерінің арасында қарама-қайшылықтардың пайда болу мүмкіндігін ескерген жөн.

Біз зерттеу барысында сонымен бірге педагог кадрлар даярлау жүйесін, яғни, үздіксіз педагогикалық білім берудің кезеңдерін: кәсіпке дейінгі даярлықты, көпдеңгейлі кәсіби білім беруді, мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіруді басқарудың біртұтас субъектісі ретінде де қарастырамыз. Бұл үздіксіз кәсіби білім берудің барлық кезеңдеріндегі біртұтас педагогикалық үдеріс субъектісі болып табылатын, сабақтастық негіздегі басқарудың жаңа парадигмасының қажеттілігін туындатады. (Сурет 2).

Сурет 2 - Педагогикалық кадрларды даярлауды басқарудың болжамдық моделі.
Әдетте, қайсыбір ғылым болмасын, алдымен әдіснамалық негізін анықтауды талап етеді.

Мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың әдіснамалық негізін жасау, зерттеудің категориялық аппараты мен ұғымдардың түсіндірме сөздігін жасауға, себеп-салдарлық байланыстарды ашуға, ғылыми теория мен практиканың өзара әрекеттесуінің мән-мағынасын түсіну үшін ғылыми-негізделген тәсілдер қолдануға, үздіксіз білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың жалпыланған (абстрактілі) моделіне көшуге мүмкіндік береді.

Осының бәрін ескере отырып, біз де өз зерттеуімізде үздіксіз білім беру жағдайында мұғалімдер даярлау мен оны басқарудың бүгінгі жүйесіне талдау беру арқылы бұл үдерістің қазіргі жай-күйін және оның даму тенденциясын анықтадық; мамандар даярлауды басқару жүйесіне баға бердік; көкейкесті мәселелерді айқындап, оны шешудің тиімді жолдарын анықтадық. Талдау нәтижесі осы уақытқа дейін көпдеңгейлі педагогикалық білім беру жүйесін үздіксіз басқарудың, мұғалімнің жеке тұлғасын қалыптастыруды басқарудың қажеттілігі туралы кейбір жұмыстарда пікір-көзқарастар орын алғанымен, үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқару мәселесі бойынша арнайы кешенді зерттеулер жүргізілмегендігін көрсетті.

Сабақтастық – педагогикада заңдылық, жалпыдидактикалық ұстаным, шарт, тәсіл, құрал, үдеріс ретінде қарастырылатын көпсапалы ұғым. (А.В.Батаршев, С.М.Годник, Ю.А.Кустов, Н.Д.Хмель, С.Смаилов, С.З.Қабақбаев, Қ.Т.Өстеміров және т.б.)

Бұл ұғым табиғаттағы, қоғам мен танымдағы даму үдерісінде, құбылыстардың арасындағы байланыстарда жаңаның ескіні ауыстыра отырып, оның кейбір элементтерін өзінде сақтап қалу жағдайы ретінде түсіндіріледі және педагогикалық үдерістің ерекшеліктеріне байланысты педагогикалық сабақтастықтың өзіне тән мән-мағынасын түсінуге негіз болып табылады.

«Сабақтастықпен басқару» ұғымы оның мазмұнының субъекті – жеке тұлғалық, басқаруға бағытталғандық, іс-әрекеттік және біртұтастық сияқты маңызды бағыттарға байланысты анықталады.

Сабақтастықпен басқаруды, басқару әрекетінің құралдары сияқты практикалық әрекеттерге, әдіс-тәсілдер мен амалдарға баламалауға болмайды. Бұл ұғымның маңызды ерекшелігінің бірі – оның нақты басқару технологиясының қандай да бір әдіс-тәсілдері мен құралдарының жиынтығын анықтайтын теориялық білімдердің жүйесі екендігінде. Осы ұғым арқылы жұмыс пен практикалық іс-әрекетті талдау оның әдістемелік мәнін түсінуді қажет етеді. Сабақтастықпен басқару ұғымының тағы бір ерекшелігі – басқару субъектісіне ықпал етудің құралдары, әдістері мен тәсілдерінің белгілі бір жиынтығын таңдаудың шарттылығында. Бұл болмаған жағдайда нақты субъектіні, оның бастапқы жай-күйі мен дамудағы өзгерісін ескере отырып өзгертуге бағытталған мақсатты әрекет ретіндегі басқару, өзінің бар мағынасын жоғалтады. Бұл өз кезегінде басқару әрекетінің әдіс-тәсілдері мен құралдарын үздіксіз білім беру жүйесіндегі мұғалімдер даярлаудың барлық кезеңдері мен олардың арасындағы түйістердің біртұтас бірлігінде іріктеп пайдалануды жоғары деңгейде жүзеге асырудың қажеттілігіне алып келеді.

Сабақтастықпен басқару – өзінің аясына заңдылық, ұстаным, жүйе түзуші фактор және басқару үдерісін біріктіретін жалпылама ұғым. Мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың мәні болып, оқу-тәрбие үдерісінің сатылары мен кезеңдерінің құрылымдық қиысуы мен олардың мақсат, ұстаным, әдістерінің өзара сабақтастық байланысын орнату табылады. Мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың түпкі нәтижесі, қысқа мерзім ішінде педагогикалық шеберлік деңгейіне жетуге қабілетті мұғалімдерді үздіксіз және тиімді түрде даярлау болып саналады. Демек, үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінде мамандар даярлауды сабақтастықпен басқару – үздіксіз білім беру жүйесінің барлық кезеңдеріндегі мұғалімдерді даярлаудың біртұтастығын қамтамасыз ету болып табылады.

Үздіксіз білім беру нәтижесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың заңдылықтары болса, өз жиынтығында мамандар даярлаудың барлық кезеңдеріндегі басқарудың тұтастық сипатын негіздейтін, оның жүзеге асырылуына қойылған мақсаттың орындалуына алып келетін орнықты және қайталанып тұратын байланыс пен қатынастарды білдіреді.

Мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың заңдылықтарын қарастыру бірқатар себептерге байланысты туындайды: мұғалімдер даярлауды ғылыми негізде басқарудың қажеттілігі; мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың себеп-салдарлық байланыстарын анықтап, түсінудің қажеттілігі; басқарудың нәтижесі мен оның салдарын алдын-ала болжамдаудың маңыздылығы; үздіксіз білім беру жүйесіндегі мұғалімдер даярлауды басқару үдерісін жетілдірудің қажеттілігі.

Мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың заңдылықтары жеке заңдарға бағына отырып, үздіксіз білім берудің кез келген құрылымдық деңгейіндегі мұғалімдер даярлауды басқару жүйесінде өтіп жатқан басқару үдерістерінің өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.

Зерттеліп отырған үдерістің негізгі заңдылығы сабақтастық болып табылады. Сабақтастықты біз педагогикалық кадрлар даярлаудың әрбір жаңа кезеңін басқару, алдыңғы кезеңмен диалектикалық байланыста және болжамдалған шарттар мен міндеттерге сәйкес жүзеге асырылатын бірізділік ретінде қарастырамыз. Сонымен бірге зерттеу нәтижелерін негізге ала отырып мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың бірнеше заңдылықтарына тоқталып мазмұндық сипаттама береміз:

- мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың, әрбір кезеңдегі оларды даярлаудың мазмұнының сабақтастығымен өзара байланыста болу заңдылығы;

- мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың, кең көлемді уақыттық кеңістіктегі басқару үдерісінің бірлігін қамтамасыз ету заңдылығы;

- мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың қазіргі педагогикалық білім беруді жаңарту тенденцияларына тәуелді болу заңдылығы;

- мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқару мазмұнының педагогикалық білім берудің ізгіліктік парадигмасына объективті түрде тікелей тәуелділікте болу заңдылығы;

- басқару мен мұғалім тұлғасының өзін-өзі басқару сабақтастығының басқару үдерісіне қатысушылардың педагогикалық әрекеттерінің бірлігімен қамтамасыз етілу заңдылығы.

Үздіксіз білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқаруды зерттеу үдерісінде біз, осы құбылысты дамытудың сантүрлі тенденцияларын анықтадық. Мысал ретінде солардың арасынан мынадай ең басты дегендерін атауға болады:

- мұғалімдер даярлаудың иерархиялық құрылымындағы тікелей байланыстарды нығайту;

- мұғалімдер даярлаудағы тікелей және көлденеңді сабақтастық байланыстарды күрделілендіру;

- мұғалімдер даярлауды, басқарудың дискреттілігінен сабақтастықтың негізінде органикалық біртұтастылық жағдайға өтуге мақсатты түрде бағыттау;

  • сабақтастықпен басқаруды, мазмұндық, құрылымдық, технологиялық салаларда да, біртұтас білім беру кеңестігіндегі мұғалімнің жеке тұлғасын қалыптастыру үдерісінде де жүзеге асыру.

Заңдылықтардың практикалық қолданысы іс жүзінде біртұтас жүйенің әр кезеңіндегі мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың ұстанымдарында көрініс табады.

Басқару ұстанымдары – осы үдерістің талаптары мен мазмұнын, құрылымы мен ұйымдасуын белгілейтін және басқару субъектісі өз қызметінде басшылыққа алатын негізгі қағидалар болып табылады. Олар басқарудың теориясы мен практикасының бейне бір идеялық негізін құрайды және іргелі аксиомалар ретінде пайдаланылады.

Біз өз зерттеуімізде басқару ұстанымдарының төрт түрлі тобына аса мән береміз: әлеуметтік басқару ұстанымдары; педагогикалық жүйелерді басқарудың, соның ішінде мектепішілік басқару ұстанымдары; оқу үдерісін басқару ұстанымдары; педагогикалық кадрлар даярлауды басқару ұстанымдары.

Сонымен бірге, кәсіби білім берудің біртұтас жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың заңдылықтарын бейнелейтін аса қажетті ұстанымдарға тоқталамыз:

- басқару жүйесін құрудың жалпы негізін айқындауды көздейтін, басқару үдерісінде жаңаның ескіні ауыстырып, оның кейбір элементтерін қалдыруда басқару қызметтері мен әдістерінің арасындағы байланыстарды жүзеге асыруды көздейтін басқарудың сабақтастық ұстанымы;

- мұғалімдер даярлаудың әртүрлі кезеңдеріндегі басқарудың қызметі, әдістері мен құралдарының біртұтас жүйеге байланыстылығын қамтамасыздандыратын басқарудың интеграциялық ұстанымы;

- жалпы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған басқарудың субъектісі мен нысаны әрекеттерінің өзара байланысы мен қиысуын қарастыратын басқарудың үйлестірушілік ұстанымы;

- басқару жүйесінің жеке тұлғаның өзін-өзі басқару бағдарламасымен өзара байланысын жүзеге асыратын, басқару мен өзін-өзі басқару бірлігінің ұстанымы;

- басқару үдерісінің мақсаттары, әдістері мен құралдарының ізгіліктігінде, мұғалімдер даярлаудың барлық кезеңдерінде педагогикалық үдеріске қатысушылардың арасындағы ізгілікті қарым-қатынас орнатуда көрініс табатын басқарудың ізгіліктік ұстанымы;

- үздіксіз білім беру жүйесіндегі мұғалімдерді даярлауға қатысушылардың әрекеттері мен мотивтерінің, көздеген мақсаттарының диалогы ретінде қарастырылатын басқарудың диалогтау ұстанымы;

- үздіксіз білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлаудың мақсаты, қызметі мен әдістерінің әртүрлілігінен туындайтын басқарудың диатроптық ұстанымы.

Әдетте, басқарудың әдістері, белгілі мақсаттарға жету үшін басқару субъектісінің басқару нысанына ықпал етудің әдістері мен құралдарының жиынтығы ретінде қарастырылады. Басқару теориясында басқарудың әдістері, басқару үдерісінің әдістері және қызметкерлерді басқару әдістері болып ажыратылады.

Сонымен, үздікіз білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың заңдылықтары, ұстанымдары мен әдістері өзара байланысты, бір-бірлеріне тәуелді және белгілі бір бағыныстылық жүйені құрайды. Мұғалімдер даярлауды басқарудың осы қарастырылған заңдылықтары өзара бірігіп, басқарудың қандай болуы керектігінен түсінік береді. Анықталған заңдылықтар мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқаруды практикалық тұрғыда жүзеге асырудың ұстанымдарына айналады. Ұстанымдар, өз кезегінде, басқарудың әдістерін белгілейді. Заңдылықтар, ұстанымдар мен әдістердің осындай бірлігі мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың тұтастығын қамтамасыздандырады.

Ғылыми әдебиеттерге (философия, әлеуметтану, педагогика, менеджмент) жасаған талдау модельдеудің танымның универсалды әдісі бола отырып, күрделі педагогикалық жүйелерді зерттеуге мүмкіндік беретінін айғақтайды. Модельдеу, педагогикалық жүйенің мәндік сипаттамасының, иерархиялық құрылымының, негізгі компоненттері мен байланыстарының жанама түрдегі модельдік бейнелері арқылы оның болашақтағы қызметі мен дамуын болжап білуде көмектеседі.

Модельдеу педагогикалық жүйелерді басқарудың ерекше құралы болып табылады және педагогикалық менеджменттің теориясы мен практикасын күрделі педагогикалық нысан жөніндегі түсініктермен, оларды басқарудың мүмкіндіктері, шарттары мен технологиялары жөніндегі түсініктермен толықтыруда септігін тигізеді.

Педагогикалық жүйелерді танып, басқаруда модельдеуді пайдаланудағы жұмыстарға жасалған талдау, үздіксіз білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың моделін құрастырудың әдіснамалық жолын және механизмін анықтауға көмектеседі.

Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың моделін жасау бізге, зерттеу субъектісінің мәнін терең зерделеуге, оған тән байланыстар мен заңдылықтарды жан-жақты ашып көрсетуге мүмкіндік берді. Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың мәнін ашуда жүйенің сақталуы мен дамуының арасындағы, мұғалімдер даярлау жүйесіне ықпал етудің тәсілдері, құралдары мен басқару нәтижесінің арасындағы, басқарушы және басқарудағы ішкі жүйелердің мақсат, міндеттері мен даярлықтың әр кезеңіндегі олардың іс-әрекеті мазмұнының арасындағы себеп-салдарлық байланыстың сипаттамасы ерекше мағынаға ие болды. Мұғалімдер даярлаудың әрбір кезеңі мен олардың арасындағы «түйісімдердегі» басқару қызметінің мақсаты, міндеті, мазмұны мен басқарудың формасы, тәсілдері, құралдарының арасында заңдылықты байланыстың бар екені ескерілді. Бұл басқару құрылымының басқару іс-әрекетінің мақсат-міндеттері мен мазмұнына тәуелді болу себебімен түсіндіріледі. Басқару қызметінің мақсаттары, міндеттері мен мазмұны өз кезегінде, басқару субъектіне ықпал ету үдерісінде пайдаланылатын басқарудың формалары, тәсілдері мен құралдарынан генетикалық туындайды. Заңдылық сипатындағы мұндай байланыстарды ескермей үздіксіз білім беру жүйесінде педагогикалық кадрлар даярлауды сабақтастықпен басқарудың оңтайлы моделін жасап, оны жүзеге асыру мүмкін емес.

Ұсынылып отырған мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың құрылымдық-функционалдық моделі өз жиынтығында оң нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін сабақтастықпен басқарудың құрылымы; негізгі элементтерінің мазмұны; сабақтастық өзара байланыстар мен басқару қызметтерінен тұратын жүйе болып табылады (Сурет 3). Модельдің аясында мақсаты, басқару ұстанымдары, сабақтастықпен басқару компоненттері, құрылымдық бағыты, кезеңдер сабақтастығы, технологиялық бағыты, сыртқы факторлар және жүйетүзуші факторлар т.б. қарастырылады.

Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың құрылымдық-функционалдық моделі, мұғалімдер даярлаудың барлық кезеңдеріндегі (кәсіпке дейінгі даярлық, базалық кәсіби білім беру, кәсіби жетілдіру) басқарушылық әрекеттердің өзара байланысы мен өзара шарттастығын қамтамасыз етеді және өлшемдерін, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді (Кесте 1). Сонымен бірге, кәсіпкер-мұғалімнің қалыптасуына ықпал жасайтын көпсалалы үздіксіз педагогикалық білім берудің бірыңғай басқарушылық үдерісін қамтамасыз етуде септігін тигізеді.

Әлбетте, үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқаруды жүзеге асырудың нәтижелілігі ондағы қандай да бір шарттардың орындалуына байланысты. Біз осыны ескере отырып, мынадай психологиялық-педагогикалық шарттарды анықтадық: мұғалімдер даярлаудың барлық кезеңдерінде оларды кәсіби даярлаудың отандық стратегиясын тұжырымдаудың теориялық-әдіснамалық негізін құрайтын, оның идеологиясын, мазмұны мен технологиясын белгілейтін педагогикалық білім берудің ізгіліктік парадигмасын жүзеге асыру; мұғалімдер даярлаудың идеологиясы, мазмұны, технологиясы мен осы үдерісті басқарудың арасындағы сабақтастықты жүзеге асыру; басқару үдерісін ізгілендіру; мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың мақсаттарын, міндеттерін, мазмұны мен әдістерін анықтау, үздіксіз педагогикалық білім берудің тұтас жүйесіндегі мамандар даярлаудың барлық кезеңдерінде олардың өзара байланыстарын белгілеу.




Сурет 3 - Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдерді даярлауды сабақтастықпен басқарудың құрылымдық-функционалдық моделі.

Кесте 1 - Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде сабақтастықпен басқару (ҮКПББЖСБ) негізіндегі мұғалімдер даярлығының қалыптасу өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері.


Компоненттері

Өлшемдері

Көрсеткіштері

Деңгейлері

Мотивациялық-мақсаттылық

ҮКПББЖСБ қажеттілігін түсінуі

- ҮКПББЖСБ-дың әлеуметтік-қоғамдық мәнін түсінуі;

- ҮКПББЖСБ-ға қызығушылығы, қажетсінуі;

- ҮКПББЖСБ-ға белсенділік көрсетуі;

- ҮКПББЖСБ-ды жетілдіріп отыруға талпынысы.

Жоғары деңгей:

  • ҮКПББЖСБ-дің қоғамдық мәнін өте жақсы түсінеді, ұдайы қызығушылық танытады;

  • теориялық-әдіснамалық білімі терең, әдіснамалық іскерлігі жан-жақты, әдіс-тәсілдерді терең меңгерген;

  • жұмыс бағыттарын қоғам талабымен ұштастыра отырып жоспарлау, болжау қажеттілігін жақсы түсінеді;

  • ұйымдастырушылық қабілеті, белсенділігі жоғары;

  • білім беру бағдарламалары мен оны басқаруды диагностикалау жүйесін өте жақсы меңгерген, бақылау жүйесін түсінікті тілмен жеткізе біледі;

  • басқаруды жаңа ақпараттық, ғылыми идеяға негіздеп, оларды білім алушыға жеткізе білу дағдысын меңгерген;

  • өзінің басқарудағы ісіне жетістіктері мен кемшілік-теріне баға беріп отыру қажеттігін өте жақсы түсінеді;

  • даярлау жүйесінде жаңаның ескіні терістеуін, ескінің түрлендіріліп, реттестірілуін өте жақсы түсінеді.

Жеткілікті деңгей:

  • үздіксіз білім беру жүйесін дамыту қажеттілігін түсінеді, теориялық білімі бар, әдіс-тәсілдерді біледі;

  • жұмысты жоспарлау, болжау қажеттілігін түсінеді;

  • ұйымдастырушылық қабілеті бар;

  • білім беру бағдарламалары мен оны басқаруды диагностикалау жүйесін меңгерген, бақылау жүйесін түсіндіре біледі;

  • басқарудағы жаңа ғылыми идеяларды біледі;

  • өзінің басқару ісіне баға беріп отыру қажеттілігін түсінеді;

даярлау жүйесінде жаңаның ескіні терістеуін, ескінің түрлендіріліп, реттестірілуін жақсы түсінеді.

Интеллектуалдық-танымдық

ҮКПББЖСБ-дан іргелі білімінің болуы

  • ҮКПББЖСБ-дан жоғары кәсіби білімінің болуы;

  • ҮКПББЖСБ-дың заңдылықтарын, ұстанымдарын білуі;

  • ҮКПББЖСБ-дың негізгі тәсілдерін, қағидаларын білуі;

  • ҮКПББЖСБ-дың әдістемесін меңгеруі;

  • ҮКПББЖСБ-дың жаңа бағыттарынан білімінің болуы.

Жоспарлық-болжамдық

ҮКПББЖСБ-дың жұмыс бағыттарын жоспарлап, болжай білуі

  • ҮКПББЖСБ-ды жоспарлай білуі;

  • жұмыс бағыттарын қоғам талабымен ұштастыруға талпынысы;

  • жоспарланған жұмыс нәтижесін болжай білу дағдысының болуы;

  • ҮКПББЖСБ жұмыстарының бағыттарын білуі.

Ұйымдастыру-орындаушылық

ҮКПББЖСБ-ға қажетті ұйымдастырушылық, орындаушылық қабілетінің болуы

  • ҮКПББЖСБ-да белсенділік қажеттілігін түсінуі;

  • жұмыс барысында қажетті ұйымдастырушылық дағдысын меңгеруі;

  • ҮКПББЖСБ-да белгіленген жұмыстарды белсенділендіру іскерлігін меңгеруі;

- жұмыс барысында бағыт-бағдардың қажеттілігін түсінуі.
1   2   3   4   5

Похожие:

Авторефераты Қазақстан Республикасы iconАвторефераты қазақстан Республикасы

Авторефераты Қазақстан Республикасы icon2012 жылғы 15 қантарға тағайындалған
Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының сайлауына Қазақстан...
Авторефераты Қазақстан Республикасы iconЕскенова Айнур Ерболовна Кедейшілікпен күресу мәселесі мен Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру деңгейін арттыру 6М050600 Экономика Магистерлік диссертация
Кедейшілікпен күресу мәселесі мен Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру деңгейін арттыру
Авторефераты Қазақстан Республикасы iconС. Д. Асфендияров атындағЫ
«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына өткізілген іс-шаралар бойынша есеп» туралы
Авторефераты Қазақстан Республикасы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі №1198 Қаулысы
Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидаларын бекіту...
Авторефераты Қазақстан Республикасы iconДиссертация ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Ғ.Қазмағамбетов Қазақстан Республикасы
Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдаланудың педагогикалық шарттары
Авторефераты Қазақстан Республикасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «парасат» Ұлттық Ғылыми-технологиялық холдингі ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ
Білім беруді ақпараттандыру саласындағы терминдер мен оның анықтамаларының қазақ тіліндегі педагогикалық сөздігі
Авторефераты Қазақстан Республикасы iconРешением Общего Собрания оюл «Казахстанская Электроэнергетическая Ассоциация»
«Еңбегі сіңген энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы», «Құрметті энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы»,...
Авторефераты Қазақстан Республикасы iconТатарстан республикасы конституция судының 2009 елда башкарган эше турында мәгълүмат
Татарстан Республикасы хокукый системасында Татарстан Республикасы Конституциясенең өстенлеген һәм турыдан-туры гамәлдә булуын хуплау...
Авторефераты Қазақстан Республикасы iconБакы шящяри, 12 август 1999-жу ил
«Мядяниййят щаггында» Азярбайжан Республикасы Ганунунун тятбиг едилмяси барядя» Азярбайжан Республикасы Президентинин 1998-жи ил...
Разместите кнопку на своём сайте:
ru.convdocs.org


База данных защищена авторским правом ©ru.convdocs.org 2016
обратиться к администрации
ru.convdocs.org