Авторефераты Қазақстан Республикасы



страница3/5
Дата25.06.2013
Размер0.69 Mb.
ТипАвтореферат
1   2   3   4   5


Кесте 1-дің жалғасы


Ақпараттық-талдау

ҮКПББЖСБ-ды жаңа ақпараттық үдеріске, ғылыми идеяларға негіздей білуі

  • ҮКПББЖСБ-ды жаңа ақпараттық үдеріске негіздей білуі;

  • ҮКПББЖСБ-да жаңа ғылыми деректемелерді пайдалана білуі;

  • жаңа ақпараттық, ғылыми идеяларды білім алушыларға түсінікті тілмен жеткізе білу қажеттілігін ескеруі;

  • жаңа ғылыми идеяларға оқытушы, мұғалімдермен бірлесе талдау жасау қажеттілігін түсінуі.

Орта деңгей:

  • үздіксіз білім беру жүйесін дамыту қажеттілігін түсінеді, әйтседе оған қызықпайды;

  • теориялық білімі шамалы, әдіс-тәсілдерді жетік білмейді;

  • басқару жұмысын жоспарлап, болжау қажеттілігіне аса назар аудармайды;

  • ұйымдастырушылық қабілеті тұрақты емес;

  • білім беру бағдарламалары мен оны басқаруды диагностикалауда қиналады, бақылау жүйесін еркін түсіндіре алмайды;

  • басқарудағы жаңа ғылыми идеяларды жетік білмейді;

  • өзінің басқару ісіне баға беру қажеттігін түсінеді;

  • даярлау жүйесінде жаңаның ескіні терістеуін, ескінің түрлендіріліп, реттестірілуін ішінара түсінеді.

Төменгі деңгей:

  • үздіксіз білім беру жүйесін дамыту қажеттілігін түсінбейді, қызықпайды;

  • теориялық білімі жоқ, әдіс-тәсілдерді білмейді;

  • басқару жұмысынан түсінігі жоқ;

  • ұйымдастырушылық қабілеті төмен, белсенділік көрсетпейді;

  • білім беру бағдарламаларындағы диагностикалаудан білімі жоқ;

  • білім алушылардың даму деңгейін анықтау диагностикасынан білімі жоқ;

  • жаңа ақпаратқа, ғылыми идеяларға қызықпайды;

  • өзінің басқару ісіне баға беру қажет деп есептемейді;

- даярлау жүйесінде жаңаның ескіні терістеуін, ескініңтүрлендіріліп, реттестірілуін түсінбейді.

Бақылау-диагностикалық

ҮКПББЖСБ-да білім беру бағдарламалары мен оны басқарудың жүйесін анықтай білуі

  • ҮКПББЖСБ-дың мақсаттарына сәйкес жүйелі бақылау қолдана білуі;

  • бақылауда жедел және икемді ынталандырушылық сипатты ұстана білуі;

  • әрбір кезеңде сабақтастық сипаттағы бақылау әдістерін пайдалануы;

  • үдерісті сабақтастықпен басқарудың тиімділігі туралы нақты түсінік беретін диагностиканы қолдана білуі;

  • үдеріске қатысушылардың бәріне түсінікті болатындай бақылау жүйесін қолдана білуі.


Аналитикалық-эксперттік

ҮКПББЖСБ үдерісіндегі жетістіктері мен кемшіліктеріне аналитикалық, эксперттік баға бере білуі

  • ҮКПББЖСБ-да өз әрекетінің нәтижесін бағалап, бағдарлай білу қажеттілігін түсінуі;

  • өзінің тұлғалық кәсіби маңызды қасиеттеріне баға беруі;

  • ҮКПББЖСБ-дағы іс-әрекетіне, жетістіктері мен кемшіліктеріне талдау жасау қажеттілігін түсінуі;

  • ҮКПББЖСБ-дағы жетістіктеріне эксперттік баға беріп, салыстырмалы талдай білу керектігін түсінуі.

Реттестіру-түзетушілік

ҮКПББЖСБ-да жаңаның ескіні терістеуін, ескінің түрленуін реттестіріп, тиімді жүзеге асыра білуі

- ҮКПББЖСБ-да ескіні түзетіп, түрлендіріп, реттестіре білуі;

- әр кезеңнің арасындағы байланыстарды реттестіре білуі;

- үздіксіз педагогикалық білім берудің тұтас жүйесінде құрылымдық байланыстардың тұрақтылығын қамтамасыз ете білуі;

- құрылымдық байланыстардың даму дәрежелерінің есебінен басқарудың барлық буындарының қызметін реттеп, үйлестіре білуі.

Аталған шарттарды анықтауда біз педагогикадағы ізгіліктік бағытты: білім беруді ізгілендірудің теориялық-әдіснамалық негіздерін (М.Н.Берулава); педагогикалық білім берудің ізгіліктік парадигмасын (В.А.Сластенин); ізгіліктік-тұлғалық педагогиканың идеяларын (Ш.А.Амонашвили) негізге аламыз.

Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқаруды тиімді жүзеге асыру мақсатында біз, «Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқару тұжырымдамасын» ұсынамыз.

Тұжырымдама үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің көпдеңгейлі кәсіби білім беру кезеңіндегі мұғалімдер даярлаудың үздіксіздігі мен сабақтастығын әдістемелік тұрғыда қамтамасыздандыруды, орта және жоғары кәсіби-педагогикалық білім беру деңгейлерінің стандарттарын белгілеуді және олардың араларындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтауды көздейді.

Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесін сабақтастықпен басқарудың мақсаты - әлеуметтік-экономикалық сұранысқа, әлемдік білім беру стандарттарының талаптарына сай еліміздің барлық аймақтары мен стратегиялық маңызы бар жекелеген аймақтары үшін сабақтастық, бірізділік негізде педагог кадрларды сапалық тұрғыда даярлауды қамтамасыз ету болып табылады.

Сабақтастықпен басқару мынадай міндеттерді шешу негізінде жүзеге асырылады:

  • еліміздің білім беру саясатын талдау;

  • әлеуметтік деңгейде мұғалім мамандығына деген сұранысты анықтау;

  • үздіксіз білім беру жүйесінің мазмұнына заман талабына сай өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

  • білім беру қызметін ұйымдастыру және сабақтастықпен басқаруға байланысты нормативті-құқықтық құжаттарды жетілдіру;

  • үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың экономикалық және басқарушылық механизмдерін жасау;

  • мемлекет пен қоғамның болашағы үшін үздіксіз білім беру жүйесіне басымдық беру;

  • үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесін дамытуды болжаудың механизмдері мен әдістерін жетілдіру;

  • үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінің жай-күйін сараптау;

  • педагог кадрларды аттестациялау жүйесін жетілдіру;

  • үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім берудің барлық сатыларын өзара байланыстыратын оқу-ғылыми-педагогикалық кешендерді құру арқылы үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім берудің аймақтық жүйесін қалыптастыру және т.б.

Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесін сабақтастықпен басқаруды дамыту кадрлық, құқықтық, қаржылық, материалды-техникалық, ғылыми-әдістемелік, ұйымдастырушылық тұрғыда қамтамасыз етудің жаңаша ұстанымын талап етеді және білім беру жүйесін білім алушыны бір білім беру сатысынан екіншісіне өткізуді қамтамасыз ететін нормативті-құқықтық құжаттармен жабдықтаудың маңызды екенін ескертеді.

Мұғалімдер даярлау үдерісінің мазмұны мен технологиясын жасауда әсіресе, білім беру деңгейлерінің стандарттары мен білім беру бағдарламаларының мазмұнына, сондай-ақ, кәсіби даярлаудың әрбір сатысындағы оқу үдерісінің ұйымдастырылу технологиясына қойылатын талаптар мен шектеулерді белгілейді.

Біз жоғары оқу орындарында орта кәсіби білімнің негізінде жоғары білімді мұғалімдер даярлаудың білім беру бағдарламаларын талдаудың нәтижесінде және үздіксіз білім беру жүйесіндегі мамандар даярлау деңгейлерінің стандарттарына сәйкес орта, жоғары кәсіби білімді мұғалімдер даярлаудың оқу жоспарлары мен мамандардың кәсіби қызметтеріне қойылатын талаптарды теориялық тұрғыда негіздеу арқылы екі сатылы білім берудің сабақтастық негіздегі бағдарламалық мазмұнын қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік талаптарын айқындадық. Сонымен қатар, екі сатылы білім беру жүйесінің оқу бағдарламаларын қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік талаптары мен педагогикалық колледж бен жоғары оқу орнын бітіретін мамандарға қойылатын біліктілік талаптарының аясында білім берудің екі сатысын бірге қамтитын оқу пәндерінің біріктірілген бағдарламасының мазмұнындағы сабақтастық байланысты жүзеге асырдық. Нәтижесінде бұның бәрі болашақ мұғалімнің екі сатыдағы даярлығының сапасын арттыруға оң ықпалын тигізді.

Әрине, мұғалімдерді даярлаудың үздіксіз жүйесінің тиімділігі мен оның сапалық жағдайы осы жүйені басқарудың мақсат-міндеттері мен қызметтерін дұрыс анықтауға ғана тәуелді деп түсінуге болмайды, ол даярлауды сабақтастықпен басқарудың тиімді үйлестірілген әдістері мен құралдарының, формалары мен іс-шараларының бірлігінде ұйымдастыру механизмдерінің онтайлылығында жүзеге асады.

Демек, жоғарыда айтылғанның бәрі мұғалімдерден сабақтастықпен басқару технологиясынан терең білім мен іскерлік дағдысын, яғни, кәсіби біліктілікті талап етеді. Алайда, бүгінгі педагогика теориясы мен басқару теориясында мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқару технологиясына берілген бірегей сипаттама жоқ.

Біз зерттеу барысында «технология», «басқарудың технологиясы», «педагогикалық технология», «басқарудың педагогикалық технологиясы», «сабақтастықпен басқару технологиясы» ұғымдарына талдау жасаймыз және әрбірінің өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып, мазмұндық анықтама береміз.

Біздің пайымдауымызша, «мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқару технологиясы» дегеніміз барынша аз күш-қуат, құрал, уақыт жұмсап, жоспарланған оң нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін, мұғалімдерді деңгейлеп даярлаудың (кәсіпке дейінгі даярлық, базалық кәсіби білім беру, кәсіби біліктілікті жетілдіру) кезеңдерінің арасындағы сабақтастық байланыстарды қамтамасыз ететін бірізді сабақтас әдіс-тәсілдердің, бірізді операциялардың жиынтығы, ал, «үздіксіз білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқару» дегеніміз осы үдерістің заңдылықтары мен оның даму тенденцияларын танып білу, жетекші ұстанымдарын ажырату, басқарудың мотивациялық-мақсаттылық, интеллектуалдық-танымдық, жоспарлық-болжамдық, ұйымдастыру-орындаушылық, ақпараттық-талдаушылық, бақылау-диагностикалық, аналитикалық-эксперттік, реттеушілік-түзетушілік компоненттерін мұғалімдер даярлаудың барлық кезеңдерінде жүзеге асыру болып табылады.

Үздіксіз білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың технологиясы:

  • басқаруды ұйымдастырудың заңдарын, заңдылықтарын және ұстанымдарын;

  • ақпаратты жинау мен өңдеудің әдістері мен құралдарын;

- тұлғаға әсерлі ықпал жасаудың амалдарын;

  • бақылау жүйелерінің жиынтығын қамтиды.

Қарастырылып отырған үздіксіз білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқару технологиясын тек басқару категориясы деп қана қабылдауға болмайды, ол педагогикалық та категория, өйткені оның негізінде педагогикалық және басқару тәсілдерінің, әдістерінің, амалдары мен құралдарының ықпалдастығы көрініс алады. Ал басқару әдістерінің ішіндегі ең негізгілері әлеуметтік-психологиялық және ұйымдастырушылық-педагогикалық әдістер болып табылады.

Біздің зерттеуімізде, үздіксіз білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың технологиясы басқаруды ұйымдастырудың заңдары, заңдылықтары мен ұстанымдарының; ақпаратты жинау мен өңдеудің әдістері мен құралдарының; тұлғаға әсерлі ықпал жасау тәсілдерінің; бақылау жүйелерінің біртұтас жиынтығын құрайды.

Біз, үздіксіз білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың технологиясын жүзеге асыру механизмінің мәнін аша отырып, Ю.А.Кустовтың теориясы негізінде сабақтастықтың қарапайым актісін ұсынамыз. Мұнда сабақтастықтың қарапайым актілерінің жиынтығы өзінің көлемі жағынан ұлғайып отыратын буындар түрінде белгілі бір құрылым түзейді. Буындардың әрқайсысы тұтастықтың элементінен немесе «ядросынан», болашақтың «жасаушысынан», енгізілетін жаңадан, терістелуші немесе алынып тасталатын элементтен тұрады. Әрбір ілгері өткен кезеңде немесе буында болашақтың белгілері анық байқалады, ал одан кейінгі кезеңде бұдан бұрынғының негізі сақталады, алғашқыда өзек түрінде болған жаңа дамиды, бір буыннан екіншісіне өткенде бұрынғының бір бөлігі тасталынады (терістеледі).

Мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың технологиясын жүзеге асырудың механизмін сабақтастықтың осындай қарапайым актісінің мысалынан байқауға болады. Сабақтастықпен басқару технологиясының құрамында он алты компонент көрініс алады: мотивациялық, мақсаттылық, интеллектуалдық, танымдық, жоспарлық, болжамдық, ұйымдастырушылық, орындаушылық, ақпараттық, талдау, бақылау, диагностикалық, аналитикалық, эксперттік, реттеушілік, түзетушілік (Сурет 4).


Жаңаның пайда болуы




Ұйымдастыру

Жаңаның енгізілуі


Орындау

Ақпараттық


Талдау







Ескіні теріске шығару




Сурет 4 - Мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың технологиясын жүзеге асырудың механизмі.

Мотивациялық, мақсаттылық, интеллектуалдық, танымдық, жоспарлау, болжамдау басқару әрекеттерінің талдау материалдарына негізделеді.

Бұл саты – болашақтың, жаңаның пайда болуы. Басқару әрекетінде жаңаның пайда болу үдерісі жаңа мен ескінің қатарласып жүзеге асырылуымен сипатталады. Басқару әрекетінің талдауы ескіні терістейді және болашақтың негізі - жаңаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл, мұғалімдер даярлаудың перспективалық мақсаттарын белгілеу, болашақ білім берудің қажеттіліктерін, білім берудің даму тенденциясын көре білу, ықтимал мәселелерді, оларды шешудің жолдары мен құралдарын, мүмкін болатын салдарын болжамдау, мұғалімге үздіксіз білім берудің жүйесін жобалау, педагогикалық кадрларды даярлау тұжырымдамасын жасау; қазіргі білім беру стратегиясын ескере отырып, мұғалімдер даярлаудың нақтылы мазмұнын құрастыру; студенттің (мұғалімнің) өзінің тұлғалық білім алу - дамушылық кеңістігін өздігінен ұйымдастыруын мотивациялау болып табылады.

Келесі саты – жаңаның енгізілуі (ұйымдастыру, орындау, ақпараттық, талдау). Ол басқару үдерісінде ұйымдастыру және орындаумен байланысты болады. Соның нәтижесінде табысқа жетудің ситуациясы мен жағымды мотивация жасалады, әрекетті ынталандыру жүзеге асырылады.

Жоғары саты – терістелу немесе ескіні теріске шығару (бақылау, диагностикалық, аналитикалық, эксперттік, реттеушілік, түзетушілік). Диагностика мен бақылау нәтижеден ауытқудың өлшемдерін анықтауға мүмкіндік береді, аналитикалық және эксперттік атқарылған жұмысқа баға береді, ал реттеушілік пен түзетушілік жаңаның ескіні терістеуін, ескінің өзгеруін аяқтайды. Терістеуді терістеу жүзеге асады, ескінің жойылып бітуінің алғышарттары жасалады.

Мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың технологиясын талдаудың негізінде оның тізбегіндегі диалектикалық терістеу дамудың негізі болып табылады. Өткеннің қазіргі шақпен және болашақпен байланысының әдісі деп мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың технологиясы - басқарудың белгілі бір элементтерін терістеу, сонымен бірге тиімді басқару әрекеттеріне көшуге және жоспарланған оң нәтижеге тұрақты қол жеткізуге мүмкіндік беретін жағымды нәрселердің барлығын сақтап қалу және көбейту үдерісі деп қорытынды жасауға болады.

Сонымен, мұғалімдерді даярлауды сабақтастықпен басқарудың технологиясы әртүрлі кезеңдердегі (кәсіпке дейінгі даярлық, көпдеңгейлі кәсіби білім беру, кәсіби біліктілікті жетілдірілу) басқару кешендерінің (стандарттар, бағдарламалар, оқулықтар, оқу құралдары) бір-бірімен сабақтастық байланыста болатындығымен, ал қойылған міндеттердің шешімі басқару әрекеттері мен тәсілдерінің, әдістері мен құралдарының сабақтастығының көмегімен жүзеге асырылатындығымен сипатталады.

Тәжірибелі-эксперимент жұмысы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен университет жанындағы колледжі және қазақ-түрік лицейі, «Болашақ» университеті және оның колледжі, Қызылорда гуманитарлық университеті, Қызылорда облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты, М.М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық колледжі, Қызылорда қаласының жалпы білім беретін орта мектептері, гимназиялары, М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Оңтүстік Қазақстан облыстық білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялар, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжі, Шымкент қаласының жалпы білім беретін орта мектептері мен гимназияларында үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) өткізілді.

Экспериментке 120 – гимназия, мектеп оқушылары (10-11 сыныптар), 180 – колледж оқушылары, 300 – педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері, 200 – жоғары, орта оқу орындары оқытушылары мен мектеп мұғалімдері, педагогтары, 84 – білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.

Тәжірибелік-эксперимент жұмысының анықтау эксперименті барысында оқушылардың - студенттердің - мұғалімдердің өздігінен кәсіби дамуының деңгейі анықталды: кәсіпке дейінгі даярлық кезеңінде: орташасы-44%, ортадан жоғары-56%; көпдеңгейлі кәсіби базалық білім беру кезеңінде: орташасы-37%; ортадан жоғарысы-63%; кәсіби біліктілікті жетілдіру кезеңінде: орташасы-42%; ортадан жоғарысы-58% . Оқушылардың – студенттердің - мұғалімдердің әртүрлі даярлық бағытындағы қанағаттану деңгейі орташа индекспен (Vор) бағаланды. Оқушыларда 0.67, студенттерде 0.69, ал мұғалімдерде 0.71 болды.

Оқушылар - студенттер - мұғалімдердің білім деңгейлеріндегі статистикалық тұрғыда маңызы бар айырмашылықтарды анықтау мақсатында біз Пирсонның өлшемдерін (Х2) пайдаландық. Алынған нәтижелер екі жиынтықтың нысандарын бөліп қарастыруда олардың араларында елеулі айырмашылықтар жоқтығын байқатты.

Сонымен, тәжірибелі-эксперимент жұмысының анықтау кезеңіндегі мәліметтер бақылау және эксперименттік білім беру жүйелерінде зерттеліп отырған бағыттар бойынша елеулі айырмашылықтар жоқ деп тұжырым жасауға мүмкіндік берді.

Тәжірибелі-эксперимент жұмысының қалыптастыру кезеңінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың құрылымдық-функционалдық моделі; үздіксіз білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқаруды жүзеге асыру бағдарламасын енгізу; сабақтастықпен басқару технологиясына түзетулер енгізу жүзеге асырылды. Зерттеу пәнінің құрылымы мен мазмұнының күрделілігіне, ауқымдылығына, уақыт кеңістігіне байланысты үздіксіз білім беру жүйесінде педагогикалық кадрларды даярлауды басқарудың моделі мен технологиясын енгізу кешенді, кезеңдік сипатты ұстанды. Осы үдеріске байланысты біз бірізділікте жүзеге асырылатын кезеңдерді анықтадық (Кесте 2).
Кесте 2 –Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың моделін енгізу кезеңдері


Кезеңдері

Мақсат

Ескінің сақталуы

Жаңаның өзегі

Тәжірибеге енгізудің әсері

Енгізуді шектеу

Енгізуді жүзеге асыру

Мақсатты белгілеу

Мұғалімдер даяр лаудың әр кезең- деріндегі мақсат тардың өзара сабақтастық бай- ланысын жүзеге асыру

Мақсат, болжам- далған, жоспарланған және күтілуші нәтиже ретінде

Мұғалімдер даярлаудың әр кезеңі мақсаттарының арасындағы өзара сабақтастық.

Күтілетін нәтижеге жылдам және тиімді қол жеткізуге мүмкіндік беретін үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі мұғалімдер даярлаудың жалпы мақсаты мен даярлаудың әрбір кезеңінің мақсаттарының ара- сында өзара сабақтастық байланыс орнату.

Үздіксіз педаго- гикалық білім беру жүйесінің дискреттілігі

Мұғалімдер даяр- лаудың үздіксіздігі.

Педагогикалық білім берудің сабақтастығы. Педагогикалық білім берудің ізгіліктік парадигмасын жүзеге асыру.

Иерархиялы құрылым жасау

«Мектеп-ЖОО-мектеп» жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқару иерархиялық құрылымын жасау

Құрылым, нақты ұйымдастыру формаларында жүзеге асырылған басқару нысандары мен субъектілерінің орнықты байла- ныстарының жи- ынтығы ретінде.

Сабақтастықпен басқаруды қамтамасыз ететін үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің субъектілері мен нысандарының өзара сабақтастық байланысы, яғни түрлі өзгерістерде негізгі қасиеттерінің сақталуы.

Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін басқарудың тұтастығын қамтамасыз ету.

Басқарудың

авторитарлық стилі.

Қызметтер мен құрылымның арасындағы диа- лектикалық бір- ліктің бұзылуы.

Мұғалімдер даяр- лаудың үздіксіздігі. Басқару қызметінің өзгерісі.

Функционалдық құрамын өзгерту

Сабақтастықтың негізінде мұғалімдер даярлаудың мазмұнын жасау.

Басқару функциясы, басқару іс-қимылдары-ның жиынтығы ретінде

Қызмет, мұғалімдер даярлау кезеңдері мен олардың араларындағы «түйісімдердің» орнықты өзара сабақтастық байланыстарының негізінде жүзеге асырылады.

Мұғалімдер даярлау кезеңдері мен олардың арасындағы «түйісімдердегі» басқару мазмұнының өзара байланысын орнату.

Үздіксіз педа гогика-лық білім беру жүйе-сінің дискреттілігі. Мұғалімдер да ярлау-дың бөлек кезең-деріндегі басқаруды автономдау.

Мұғалімдер даярлаудың үздіксіздігі.

Сабақтастықпен басқару технологиясын жүзеге асыру

Үздіксіз педа- гогикалық білім беру жүйесіндегі сабақтастықпен басқарудың тех- нологиясын

тәжірибеге енгізу

Басқару нысанына ықпал ететін шаралардың бірізділігі мен комбинациялары.

Аз күш, құрал, уақыт жұмсай отырып жоспарланған, орнықты оң нәтиже алуға мүмкіндік беретін, мұғалімдерді деңгейлеп даярлаудың кезеңдерінің арасындағы сабақтастық байланысты қамтамсыз ететін бірізді, сабақтас тәсілдердің (әдістердің) жиынтығы.

Басқарудың нысанына (немесе субъектіне) тиімді түрде әсер ету.

Үздіксіз педа гогика-лық білім беру жүйесінің дискреттілігі.

Мұғалімдер даярлау-дың үздіксіздігі. Педагогикалық білім берудің сабақтастығы. Педагогикалық білім берудің ізгілікті парадигмасын жүзеге асыру.
1   2   3   4   5

Похожие:

Авторефераты Қазақстан Республикасы iconАвторефераты қазақстан Республикасы

Авторефераты Қазақстан Республикасы icon2012 жылғы 15 қантарға тағайындалған
Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының сайлауына Қазақстан...
Авторефераты Қазақстан Республикасы iconЕскенова Айнур Ерболовна Кедейшілікпен күресу мәселесі мен Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру деңгейін арттыру 6М050600 Экономика Магистерлік диссертация
Кедейшілікпен күресу мәселесі мен Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру деңгейін арттыру
Авторефераты Қазақстан Республикасы iconС. Д. Асфендияров атындағЫ
«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына өткізілген іс-шаралар бойынша есеп» туралы
Авторефераты Қазақстан Республикасы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі №1198 Қаулысы
Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидаларын бекіту...
Авторефераты Қазақстан Республикасы iconДиссертация ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Ғ.Қазмағамбетов Қазақстан Республикасы
Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдаланудың педагогикалық шарттары
Авторефераты Қазақстан Республикасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «парасат» Ұлттық Ғылыми-технологиялық холдингі ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ
Білім беруді ақпараттандыру саласындағы терминдер мен оның анықтамаларының қазақ тіліндегі педагогикалық сөздігі
Авторефераты Қазақстан Республикасы iconРешением Общего Собрания оюл «Казахстанская Электроэнергетическая Ассоциация»
«Еңбегі сіңген энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы», «Құрметті энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы»,...
Авторефераты Қазақстан Республикасы iconТатарстан республикасы конституция судының 2009 елда башкарган эше турында мәгълүмат
Татарстан Республикасы хокукый системасында Татарстан Республикасы Конституциясенең өстенлеген һәм турыдан-туры гамәлдә булуын хуплау...
Авторефераты Қазақстан Республикасы iconБакы шящяри, 12 август 1999-жу ил
«Мядяниййят щаггында» Азярбайжан Республикасы Ганунунун тятбиг едилмяси барядя» Азярбайжан Республикасы Президентинин 1998-жи ил...
Разместите кнопку на своём сайте:
ru.convdocs.org


База данных защищена авторским правом ©ru.convdocs.org 2016
обратиться к администрации
ru.convdocs.org