Авторефераты Қазақстан Республикасы



страница4/5
Дата25.06.2013
Размер0.69 Mb.
ТипАвтореферат
1   2   3   4   5

Осы кезеңде 3-4 курс студенттеріне алдын-ала даярланған «Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқару» атты элективтік курс оқытылды. Курс бағдарламасы 90 сағатқа (2 кредит) арналған, оның 30 сағаты - дәрістік, 16 сағаты - СОӨЖ, 44 сағаты - СӨЖ. Мазмұнында курстың тақырыптық жоспары, дәрістік сабақтарға қысқаша сипаттама, оқытушының жол көрсетуімен атқарылатын студенттің өздік жұмыстарының тақырыптары, курс бойынша ауызша үй тапсырмалары, өздік жұмыстарының тақырыптары көрініс алады.

Зерттеу барысында алынған нәтижелер, мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқаруды жүзеге асырудың жетістігі біздің анықтаған психологиялық-педагогикалық шарттармен, сабақтастық басқару жүзеге асырылатын ішкі және сыртқы жағдайлармен анықталатындығын көрсетті.

Эксперименттің қалыптастыру кезеңінде біз мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқаруды жүзеге асыруда кедергі болатын бірқатар себептерді анықтадық: үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің дискреттілігі; шарттардың бір сатыдан екінші сатыға ауысуы; білім беру үдерісі сатыларының (кезеңдерінің) әсіресе, жалпы білім беретін және жоғары оқу орындары арасында мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың теориясы мен практикасының жеткіліксіз зерттелінуі; басқару қызметі мен құрылымы арасындағы диалектикалық бірліктің бұзылуы; мұғалімдер даярлаудың жеке кезеңінде басқарудың автономиялануы.

Сонымен жүргізілген жұмыстарға жасалған талдау, мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқаруды жүзеге асыруға кедергі келтіретін негізгі себеп - үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі және осы жүйені басқару үдерісіндегі дискреттік екендігін байқатты. Біздің пайымдауымызша, бұл факторды болдырмау үшін мұғалім даярлығының үздіксіздігі, педагогикалық білім берудің сабақтастығы, педагогикалық білім берудің ізгілікті парадигмасын жүзеге асыру қажет.

Біз, үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың өзіміз ұсынған басымды бағыттарына сүйене отырып, өлшенетін параметрлер ретінде: сабақтастықпен басқарудың үдерісін және сабақтастықпен басқару нысанының (немесе субъектісінің) өзгерісін таңдап алдық.

Сонымен бірге, басқару нысанының (немесе субъектісінің) өзгерісін біз, оқушы - студент - мұғалімнің өздігінен үздіксіз кәсіби дамуы, өздерінің кәсіби даярлық үдерісіне қанағаттанушылық деңгейі, кәсіби білім, іскерліктерінің қалыптасуы арқылы қарастырдық.

Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың тиімділігін анықтау, зерттеу барысында белгіленген өлшемдердің негізінде жүргізілді. Зерттеудің осы әдістемесін пайдалануда біз бөлінген көрсеткіштерді 0 ден 10-ға дейінгі баллдық бағалардың көмегімен бағаладық.

Үздіксіз білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқаруды әрекеттік құрамы бойынша бағалай отырып, біз бірқатар көрсеткіштерге қол жеткіздік.


Мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың сегіз компонентінің әрқайсысын деңгейлік көрсеткіштерінің көмегімен бағалап, сандық мағыналарды квалиметрлік ереже арқылы есептедік:
;
Мұндағы Тик – тиімділіктің интегративтік көрсеткіші, БСсб – мұғалім даярлауды сабақтастықпен басқару, РТ – реттеуiшілік-түзетушілік қызметінің іске асырылуын бағалау, АЭ – аналитикалық-эксперттік қызметінің іске асырылуын бағалау, БД – бақылау-диагностикалық қызметінің іске асырылуын бағалау, АТ – ақпараттық-талдау қызметінің іске асырылуын бағалау, ҰО – ұйымдастыру-орындаушылық қызметінің іске асырылуын бағалау, ЖБ – жоспарлау-болжау қызметінің іске асырылуын бағалау, ИТ – интеллектуалдық-танымдық қызметінің іске асырылуын бағалау, ММ – мотивациялық-мақсаттылық қызметінің іске асырылуын бағалау болып табылады.

Біз мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқару әрекеттерінің сандық мағыналарын формулаға енгізудің нәтижесінде үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқаруда 9,09-ға тең келетін тиімділіктің интегративтік көрсеткішіне қол жеткіздік. Егер, тиімділіктің интегративтік көрсеткіші 9-10-ға тең болса, онда мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың тиімділігі жоғары деп бағалауға болады, егер, 6-8 болса, онда жеткілікті деңгейде, ал 4-5 болса, онда орта деңгейде болады, егер 0-3 болса, онда төмен деңгейде болатындығын ескерсек, бұл қалыптастыру эксперименті кезеңінде алынған интегративтік көрсеткіш, үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың тиімділігін жоғары деңгейде бағалауға мүмкіндік береді.

Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқару моделін жүзеге асырудың мақсаты, мұғалімнің өздігімен үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыздандыру болғандықтан, біз мұғалімдік мамандыққа, педагогикалық жоғары оқу орнының студенті болуға және мұғалімдік қызметке бағытталған оқушылардың өздігімен дамуға қабілеттілігінің деңгейін анкеттік сұрақтар арқылы (мысалы, мен өзімді-өзім зерттеуге ұмтыламын; мен жаңаны танып-білуге талпынамын; мен өз мүмкіндіктеріме сенемін т.б.) анықтадық.

Анкетаның нәтижесі мұғалім мамандығын таңдауға ниет білдірген оқушылардың 68%-ы өздерін белсенді түрде дамытуға қабілеттіміз деп санайтынын көрсетті. Өздігінен дамуға қабілеттілік педагогикалық жоғары оқу орнының студенттерінің 73%-ында, қызмет істеп жүрген мұғалімдердің 89%-ында байқалған. Сонымен бірге жалпы білім беретін мектептің мұғалімдері (56%) мен лицей, гимназияларда (64%) жұмыс істейтін мұғалімдердің көрсеткіштерінің араларында едәуір айырмашылық бар екендігі байқалады.

Қалыптастыру кезеңіндегі жұмыс нәтижелерін талдауда оқушылар- студенттер-мұғалімдердің өздерін кәсіби даярлаудың түрліше бағыттарымен қанағаттану деңгейін анықтаудың әдістемесі де қолданылады. Зерттеудің мәліметтері эксперимент тобындағы оқушылар-студенттер-мұғалімдердің өздерін кәсіби даярлаудағы міндеттерінің шешілуімен, қызметтерінің жүзеге асырылуымен және даярлауды ұйымдастыру формаларымен қанағаттану дәрежесі индексінің () бақылау тобындағы сәйкесті көрсеткіштен 0,2 баллға жоғары екендігін көрсетті. Демек, эксперимент тобындағы оқушылар-студенттер-мұғалімдердің аса жоғары деңгейде қанағаттануын олардың даярлығын сабақтастықпен басқаруды жүзеге асырумен байланыстыруға болады.

Эксперимент және бақылау топтарының оқушылары - студенттері -мұғалімдерінің кәсіби білімдері мен іскерліктерінің деңгейлерінде статистикалық маңызды айырмашылықтардың жоқ екендігін анықтау үшін біз эксперимент басындағы эксперимент және бақылау топтарындағы оқушылар - студенттер - мұғалімдерде кәсіби білім, іскерліктерінің қалыптасу мүмкіндіктерінің тең екендігін дәлелдейтін нөлдік болжамды ұсындық (Н0). Бұл болжамның түрі Но12; мұндағы Р1 – бірінші іріктеудің (эксперименттік топтар) мүмкіндігі, Р2 – екінші іріктеудің (бақылау топтары) мүмкіндігі, ал, альтернативті болжам кәсіби білім мен іскерлік деңгейлеріне сәйкес келетін 4 деңгейге (жоғары, жеткілікті, орта, төмен ) бөлінеді.

Тбақ статистикалық өлшемнің мағынасын біз И.Н.Бронштейн мен К.А.Семендяевтің формуласы бойынша есептеп шығардық:

;
Мұндағы n1 мен n2 – бірінші және екінші іріктеулердегі (эксперимент және бақылау топтары) оқушылардың - студенттердің -мұғалімдердің саны, О1і – тиісті бағасын і + 1 (i = 1, 2, 3, 4) алған бірінші іріктеудің саны, O2i-тиісті бағасын і + 1 (i = 1, 2, 3, 4) алған екінші іріктеудің саны, C=4 деңгейлердің саны, Тбақ – Пирсонның Х2 -на бөлінісі бар Тқ – статистиканың қауіпті мәнімен эксперименттік салыстыруға қатысты статистикалық деңгейдің мәні.

Екі топ (ЭТ, БТ) бойынша алғашқы және соңғы кесінділердің нәтижелері 3-кестеде келтірілген.

Кесте бойынша, маңызды деңгей үшін L=0,05 және еркіндік дәрежелерінің саны үшін [V = C – 1 = 4-1], мұндағы С – деңгейлер саны, Тқ – деңгейлердің қауіпті мәні, ол 7.8-ге тең (Тқ=7.8) екендігі көрсетілген.

3-кестедегі алғашқы мәліметтерді пайдалана отырып, біз мынаны анықтадық: Tбақ 1=1.3; Tбақ 2=0.2; Tбақ 3=1.5;

Тбақ пен Тқ-ны салыстырудан барлық жағдайларда тәжірибелі-эксперимент жұмысының басында Тбақ < Tқ (кәсіпке дейінгі даярлық кезеңі: 1.3 < 7.8; базалық кәсіби білім беру кезеңі: 0.2 < 7.8; кәсіби біліктілікті жетілдіру кезеңі: 1.5 < 7.8) болатынын байқауға болады. Бұл, алынған нәтижелердің нөлдік болжамнан ауытқуға ешқандай негіз жоқ екендігін көрсетеді.
Кесте 3 - Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың алғашқы (анықтау) және соңғы (бақылау) нәтижелері.


Мұғалімді даярлау кезеңдері

Топтар

Саны

Деңгейлері

%

Басы

Соңы

Төмен

Орта

Жеткілікті

Жоғары

Басы

Соңы

Басы

Соңы

Басы

Соңы

Басы

Соңы

Басы

Соңы

Кәсіпке дейінгі даярлық


ЭТ


n1=59

n1=58

О11=15

О11=13

О12=29

О12=28

О13=46

О13=50

О14=2

О14=3

1.3

8.0

БТ

n2=61

n2=61

О21=17

О21=16

О22=37

О22=38

О23=38

О23=40

О24=0

О24=0

Базалық кәсіби білім беру


ЭТ


n1=242

n1=239

О11=12

О11=4

О12=82

О12=64

О13=130

О13=147

О14=15

О14=26

0.2

9.1

БТ

n2=238

n2=237

О21=10

О21=9

О22=83

О22=81

О23=131

О23=140

О24=17

О24=19

Кәсіби біліктілікті жетілдіру


ЭТ


n1=139

n1=139

О11=1

О11=0

О12=74

О12=58

О13=133

О13=140

О14=89

О14=99

1.5

8.7

БТ

n2=145

n2=143

О21=1

О21=2

О22=80

О22=78

О23=135

О23=136

О24=87

О24=84


Тәжірибелі-эксперимент жұмысының соңғы (бақылау) кезеңінде алынған нәтижелерді тексеру үшін біз қайтара Пирсонның параметрлік емес өлшемдерін (Х2) пайдаландық.

Нөлдік болжам ретінде біз білім мен іскерлік деңгейінің көрінісін эксперимент және бақылау топтарында бірдей болады деп шамаладық. 3-кестедегі соңғы мәліметтерді пайдалана отырып, біздер мынаны анықтадық: Tбақ 1=8.0; Tбақ 2=9.1; Tбақ 3=8.7;

ТбақТқ = 7.8-ден алынған салыстырудан, мұғалімдер даярлаудың барлық кезеңдерінде тәжірибелі-эксперимент жұмысының соңында Тбақ > Тқ (кәсіби даярлыққа дейінгі кезең: 8.0 > 7.8; базалық кәсіби білім беру кезеңі: 9.1 > 7.8; кәсіби біліктілікті жетілдіру кезеңі: 8.7 > 7.8) екендігі көрінеді.

Алынған нәтижелер нөлдік болжамның ауытқуына жеткілікті негіз береді. Бұл эксперимент және бақылау топтарындағы оқушылардың - студенттердің - мұғалімдердің кәсіби білімдері мен іскерліктерінің қалыптасуындағы айырмашылық кездейсоқ факторлармен анықталмайды, ол үздіксіз білім беру жүйесінде педагогикалық кадрларды даярлауды сабақтастық негізінде басқаруды жүзеге асырудың айырмашылығымен анықталады деп тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен тәжірибелі-эксперимент жұмысы үздіксіз білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың құрылымдық-функционалдық моделінің өлшемдері, көрсеткіштерінің және деңгейлерінің дұрыстығын, ұсынылып отырған технологиясының тиімділігін дәлелдейді.


ҚОРЫТЫНДЫ
1. Мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқару көптеген компоненттерді біріктіретін күрделі кешенді ерекше құбылыс. Ол дамушы нысандардың (немесе субъектілердің) әртүрлі кезеңдері мен олардың сапалығы арасындағы өзара байланысты жүзеге асыруға және оларды біртұтастыққа біріктіруге жағдай туғызады, үздіксіз педагогикалық білім беру сияқты күрделі ұйымдасқан жүйенің нәтижелі дамуына мүмкіндік береді. Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі сабақтастықпен басқару кәсіпке дейінгі даярлық, көпдеңгейлі базалық кәсіби білім беру, кәсіби біліктілікті жетілдіру кезеңдерінің арасындағы диалектикалық байланыстарды жүзеге асырады.

2. Үздіксіз білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың құрылымдық және қызметтік компоненттерінің өзара әрекеттестігін зерттеу бірқатар жетекші үдерістерді анықтауға мүмкіндік береді.

Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқару диалектиканың терістеуді терістеу, сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге өтуі, қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі заңдарына негізделеді.

3. Мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқару мәселелерін зерттеу оның құрылымдық және қызметтік компоненттеріне ерекше назар аударуды қажет етеді. Бұл, сабақтастықпен басқаруды күрделі көпдеңгейлі жүйелік құрылым ретінде қарастыруға және үздіксіз білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың моделін жасауға мүмкіндік береді.

4. Құрылымдық-функционалдық модель оқушы - студент - мұғалімді даярлауды сабақтастықпен басқарудың барлық компоненттерін жүзеге асырудың мүмкіндіктері жөнінде, үздіксіз білім беру жүйесінің әрбір келесі кезеңіндегі тұлғаның оқу және кәсіби әрекетіндегі өзгерістер туралы толық мағлұмат алуға септігін тигізеді. Ол мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқару үздіксіз білім берудің әрбір кезеңінің ішінде де, келесі кезеңге өтуде де болжамдауға мүмкіндік береді.

5. Теориялық нәтижелер үздіксіз білім беру жүйесінде педагогикалық кадрларды даярлауды сабақтастықпен басқарудың келесідей негізгі психологиялық-педагогикалық шарттарының жиынтығын анықтауға мүмкіндік береді: мұғалімдер даярлаудың барлық кезеңдерінде педагогикалық білім берудің ізгіліктік парадигмасын жүзеге асыру; мұғалімдер даярлаудың идеологиясы, мазмұны мен технологиясы және осы үдерісті басқарудың арасында сабақтастықты жүзеге асыру; басқару үдерісін ізгілендіру; мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, әдістерін анықтау, үздіксіз педагогикалық білім берудің тұтастай жүйесіндегі мамандар даярлаудың барлық кезеңдерінде олардың өзара байланыстарын орнату.

6. Зерттеу барысындағы педагогикалық кадрларды даярлауды сабақтастықпен басқарудың құрылымдық-функционалдық моделінің тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру, үздіксіз педагогикалық білім беру үдерісінде мұғалімнің кезең-кезең бойынша кәсіби қалыптасуының дискреттілігін жоюдың жолдары мен сабақтастықтың жүйе түзуші фактор ретіндегі маңыздылығын анықтауға мүмкіндік береді.

7. Тәжірибелі-эксперимент жұмысының нәтижесі үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың тиімді екенін көрсетеді.

8. Мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқаруды жүзеге асырудың технологиясы мұғалімдерді кәсіби даярлауда жаңа сапалы көзқарасты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сонымен, зерттеу жұмысы бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады:

  1. Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқаруды жүзеге асыруда біздің ұсынған тұжырымдаманы негізге алу керек.

  2. Мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқару технологиясы мен механизмін бүгінгі үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде пайдаланған жөн.

  3. Жоғары және арнайы педагогикалық оқу орындарында мұғалімдерді басқару ісіне даярлауда психологиялық-педагогикалық шарттарды негізге алған жөн.

  4. Эксперимент барысында тексеруден өткен әдістемені болашақ мұғалімдерді басқару ісіне даярлауда пайдалануға болады.

  5. Зерттеу барысында даярланған бағдарламаларды, оқулықтар мен оқу құралдарын болашақ мұғалімдерге дәріс беру барысында негізге алу қажет.

  6. Зерттеу нәтижелерін жоғары және арнайы орта кәсіби-педагогикалық оқу орындарында, педагог кадрлар біліктілігін жетілдіру институттарында пайдалануға болады.

Зерттеу проблемасы күрделі де көпжақты проблеманы толығымен ашып көрсетуді мақсат тұтпайды. Алдағы уақытта: үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдерді мектеп ісін басқаруға даярлау; арнайы орта білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың педагогикалық шарттары; үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдерді даярлауды сабақтастықпен басқарудың әдістемелік негіздері және т.б. проблемалар арнайы зерттеуді талап етеді:
1   2   3   4   5

Похожие:

Авторефераты Қазақстан Республикасы iconАвторефераты қазақстан Республикасы

Авторефераты Қазақстан Республикасы icon2012 жылғы 15 қантарға тағайындалған
Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының сайлауына Қазақстан...
Авторефераты Қазақстан Республикасы iconЕскенова Айнур Ерболовна Кедейшілікпен күресу мәселесі мен Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру деңгейін арттыру 6М050600 Экономика Магистерлік диссертация
Кедейшілікпен күресу мәселесі мен Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру деңгейін арттыру
Авторефераты Қазақстан Республикасы iconС. Д. Асфендияров атындағЫ
«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына өткізілген іс-шаралар бойынша есеп» туралы
Авторефераты Қазақстан Республикасы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі №1198 Қаулысы
Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидаларын бекіту...
Авторефераты Қазақстан Республикасы iconДиссертация ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Ғ.Қазмағамбетов Қазақстан Республикасы
Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдаланудың педагогикалық шарттары
Авторефераты Қазақстан Республикасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «парасат» Ұлттық Ғылыми-технологиялық холдингі ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ
Білім беруді ақпараттандыру саласындағы терминдер мен оның анықтамаларының қазақ тіліндегі педагогикалық сөздігі
Авторефераты Қазақстан Республикасы iconРешением Общего Собрания оюл «Казахстанская Электроэнергетическая Ассоциация»
«Еңбегі сіңген энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы», «Құрметті энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы»,...
Авторефераты Қазақстан Республикасы iconТатарстан республикасы конституция судының 2009 елда башкарган эше турында мәгълүмат
Татарстан Республикасы хокукый системасында Татарстан Республикасы Конституциясенең өстенлеген һәм турыдан-туры гамәлдә булуын хуплау...
Авторефераты Қазақстан Республикасы iconБакы шящяри, 12 август 1999-жу ил
«Мядяниййят щаггында» Азярбайжан Республикасы Ганунунун тятбиг едилмяси барядя» Азярбайжан Республикасы Президентинин 1998-жи ил...
Разместите кнопку на своём сайте:
ru.convdocs.org


База данных защищена авторским правом ©ru.convdocs.org 2016
обратиться к администрации
ru.convdocs.org