Авторефераты қазақстан Республикасы



страница1/6
Дата25.06.2013
Размер0.8 Mb.
ТипАвтореферат
  1   2   3   4   5   6


ӘОЖ 796.012.1 Қолжазба құқығында

МУХАМЕДЖАНОВ БАХЫТЖАН ҚАЛЖАНҰЛЫ

Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындаудың

ғылыми-педагогикалық негіздері


13.00.08 - Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі

Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ




Қазақстан Республикасы

Түркістан, 2008
Жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған
Ғылыми кеңесшілері: педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Оңалбек Ж.К.

педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Беркимбаев К.М.


Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Саипов А.А.

педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Таубаева Ш.Т.

педагогика ғылымдарының докторы

Жолдасбекова С.Ә.


Жетекші ұйым: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік

университеті


31 қаңтарда 1000

Қорғау 2009 жылы «____» ____________ сағат ____ Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.61.35 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы, кіші мәжіліс залы.

Диссертациямен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы.


29 желтоқсанда

Автореферат 2008 жылы «____» ___________ таратылды.


Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы: К.М.Беркімбаев

КІРІСПЕ


Зерттеудіњ кµкейкестілігі. ХХІ ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан өзгерістер болашақ мамандар даярлауда жоғары мектептің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Осыған орай, бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігіне сай бейімдеп білім алу, жалпы ғаламдық танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға, студенттің өзінің іс әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу - көкейкесті мәселе. Өйткені, тек жоғары білімді маман ғана қоғам мен экономиканың, әлеуметтік және мәдени өркендеудің көшбасшысы бола алады.

Жоғары білім - маманға білім, іскерлік және дағды ғана беріп қоймайды, ол жеке тұлғаны қалыптастырады.

Заман талабы өзгерген сайын жоғары оқу орындарына қоғам тарапынан қойылатын талап та өзгерді.


Еліміздегі жоғары білімді дамыту стратегиясы Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидаларына, Білім туралы заңға, ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауына негізделеді. Бұл құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасындағы жоғары білім мемлекеттің ұзақ мерзімдік бағдарламасы арқасында ерекше орын алады.

Бүгінгі таңдағы жоғары білімнің мақсатына жаңаша түсінікпен қарасақ, оны дамытудың басты стратегиялық бағдары - өмірге жауапкершілікпен қарайтын, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, шығармашылық ойлауға дағдыланған, іскерлік қабілеттілігі биік, гуманистік ойлауы басым, кәсіби ілімімен қаруланған, адамгершілік қасиеттері мол білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру болып табылады.

Жоғары мектептің маңызды міндеттерінің бірі – кәсіби мамандарды дайындаудағы фундаментальды ғылымның орны мен рөлін жоғарылатудан келіп шығатын білім беруді ізгілендіру. Осыған байланысты дайындықты меңгеріп шыққан жоғары мектеп түлегі заманауи ақпараттар ағымын жылдам игеріп, өз іс-әрекетін дұрыс жолға қояды, яғни дұрыс пайдалана алады.

Біздің зерттеу бағытымызға байланысты жоғары мектептің негізгі бағыттарының маңыздысы арнайы жоғары кәсіби білім беру, сондықтан кәсіби білім беру болашақ дене мәдениеті мамандарын даярлау жүйесінің дамуына өз үлесін қоса алатын бірден-бір фактор болып табылады. Ғылым мен техниканың, технологиялардың өркендеп дамуы болашақ мамандарда кәсіби технологиялық білім мен іскерліктердің дамуына баса назар аударады. Болашақ мамандардың бойында ұйымдастырушылық қызметі, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру, берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындау, қызмет орнында, ұжымда адамгершілік, психологиялық ахуалды ұстап тұру қабілеттерін қалыптастыру ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

Жоғары оқу орнының басты мақсаты- алдыңғы қатарлы жастар тәрбиелеу, адамзаттың мәдени және өнегелілік деңгейі мен оның ой-өрісін арттыру, жоғары білімді маман иелерін даярлау. Білім саясатының өзекті мәселелері – кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін өзгерту, педагогикалық ғылымдарды ұйымдастыруды қайта құру, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның рөлін арттыру.

Мамандар даярлау жүйесінде білім берудің сапасын қамтамасыз етуде жоғары білімді дамытудың негізгі жолы мамандарды кәсіби даярлау сапасын арттыру болса, қазіргі кезде жоғары оқу орындарында кәсіби білікті мамандар даярлаудың жаңа тәсілдері ұсынылып, жаңа талапқа сай мамандар даярлаудың үлгісі жүзеге асырылатын болады.

Жоғары кәсіби білім беру және оның қоғамдық құрамдас бөлігі – дене мәдениеті студенттердің жеке приоритетті қабілеттерін жетілдіруге, өзін-өзі тәрбиелеу және өзіне-өзі білім беру қызметтерін дамытуға, оларды азамат, интеллегент маман ретінде қалыптастыруға бағытталған біздің мемлекетіміздің заңды құжаттарымен нақтыланып, рәсімделген.

Денсаулығы мықты, дене сапалары, дене бітімі қалыптасқан адам ғана өз қимыл-әрекетін өмірлік маңызды міндеттерді шешуде шығармашылық бағыт ұстана отырып, белсенді өмір сүруге қабілетті болады. Дене мәдениеті білім мен тәрбие беру саласының басты міндеттерінің бірі бола отырып, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне себепші болады.

Демек, дене мәдениеті жєне спорт саласында кейбір мәселелерді кешенді т‰рде зерделеу осы салада кәсіби мамандарды дайындау ќазіргі кезде зерттеу ж±мысыныњ кµкейкесті талабы болып отырѓанын айта кету керек.

Жоғары оқу орындарында болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби даярлауды теориялық-әдіснамалық және әдістемелік тұрғыда ашып кµрсететін тиісті деректерсіз зерттеу м‰мкін емес. Сондыќтан да, мынадай авторлар мәселені жан-жақты саралауда д±рыс баѓыт ±стауымызѓа арқау болды: Мұнда Б.Қаражановтың, Қ.И.Адамбековтың, Б.М.Досќараевтыњ, М.Сапарбаевтың, Ж.Бекбатчаевтың, Б.А.Тойлыбаевтың, Ж.К.Оңалбектің, Ж.Егізбаевтың, А.С.Иманғалиевтің, М.Таникеевтің, Е.Уақбаевтың, А.Қ.Қарақовтың, Е.Мұхитдиновтың еңбектері дене мәдениеті және спорт саласында мамандар даярлау үдерісіне арналған.

Ал, болашақ маманды даярлау, кәсіби даярлау үдерісі, кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі туралы ғалымдардың еңбектерін атап өтуге болады. Олар: Б.Әбдікаримов, Г.Ж.Мелдібекова, Сыздық О.С., Молдабекова М.С., Саипов А.А., Шаутина Л., Кенжебеков Б.Т., Таубаева Ш.Т., Жолдасбеков А.А., Маусымбаев С., Абибуллаева А.Б., Жарасбеков А.А., Кеңесбаев С.М., Жанабаев Ж.Ж., Беркимбаев К.М. Бұл ғалымдардың докторлық диссертация қорғау үшін даярлаған зерттеу жұмыстары болашақ әртүрлі маман иелерін кәсіби даярлау мәселесіне арналған.

Жоғары оқу орындарында білім беруді жетілдірудің қазіргі заманғы келелі мәселелері А.А.Саиповтың, М.Ә.Құдайқұловтың, С.Ж.Пірәлиевтің, А.Г.Қазмағанбетовтың, Қ.Б.Сейталиевтің, Ы.Набидің, Т.С.Садықовтың, Л.К.Керимовтың, Е.Омардың, Б.К.Момынбаевтың, С.А.Ұзақбаеваның, В.А.Кимнің, Л.А.Байсеркенің, М.Н.Сарыбековтың, Қ.Закирьяновтың, Ж.Ж.Жаңабаевтың, Ж.Асановтың, О.С.Сәлімбаевтың, Т.Т.Галиевтің, Г.К.Нургалиеваның, Ж.И.Намазбаеваның, А.Б.Нұрлыбекованың, Р.К.Дүйсенбінованың, И.Смановтың, О.Мұсабековтың, А.М.Абдыровтың, К.Е.Ералиннің, Б.А.Оспанованың, К.М.Беркімбаевтың, К.Ыбырайымжановтың және т.б. еңбектерінде әр қырынан талданған.

Қазіргі күні Қазақстан Республикасында болашақ мамандардың кәсіби даярлығын қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдалану (Қ.Б.Жарықбаев, Ә.Табылдиев, Қ.Б.Бөлеев, Ш.И.Жанұзақова, Ж.Т.Төлегенов, Т.Ш.Қуанышев және т.б.), мұғалімнің кәсіби-әдістемелік даярлығын қалыптастыруды (О.Аяшeв, Ә.Бүркітбаев, Ж.Оңалбек, С.А.Жолдасбекова, Е.Сағындықов, Т.Ж.Бекбатчаев), ғылыми-педагогикалық жағынан негіздеу туралы бірқатар ғылыми еңбектер орындалған.

Зерттеу жұмысы тікелей дене мәдениеті мамандарының кәсіби даярлығын жетілдіруге бағытталғандықтан таќырыпќа байланысты жекелеген жалпы теориялыќ ережелерді наќтылауѓа м‰мкіндік беретін дене тєрбиесі және спорттық теориясы мен єдісі жµніндегі зерттеу ж±мыстарын ерекше атап өтуге болады. Олар: Б.Қаражанов, Г.Д.Иванов, С.И.Қасымбекова, Ж.К.Оңалбек, А.Қарақов, А.Аралбаевтардың дене мәдениеті, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға арналған еңбектері.

Зерттеуімізде дене мәдениеті мамандарының µзара ќатынасыныњ пайда болу мәселелеріне, оның єлеуметтік тєжірибе жинаќтауѓа ќалай єсер ететіндігін, сол тєжірибені кµп±лтты спорттыќ ортада пайдаланѓанда ќандай нєтиже беретіндігін білу маќсатымен жалпы психология, спорт психологиясы, әлеуметтік және спорт педагогикасы жµніндегі ѓылыми єдебиеттерде кењінен талқыланды.

Нәтижеде болашақ дене мәдениеті мамандарын теориялық, әдіснамалық және әдістемелік тұрғыда даярлау мәселесі арнайы зерттеуді қажет ететіндігі анықталды.

Осылайша, болашақ дене мәдениеті мамандарының кәсіби білімін жетілдіруге қоғамның сұранысы мен бұл бағытта кәсіби білім берудің теориялық-әдіснамалық тұрғыда негізделмеуі арасында; болашақ дене мәдениеті мамандарына жоғары оқу орындарында кәсіби білім беру қажеттігі мен оны жүзеге асырудағы бірыңғай жүйелі әдістердің жоқтығы арасында қарама-қайшылықтар бар екендігі анық байқалады. Осы қайшылықтар, зерттеу тақырыбын Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздерідеп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты. Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби даярлауды теориялық-әдіснамалық және әдістемелік-тәжірибелік тұрғыда негіздеп, эксперименттен өткізу.

Зерттеудің объектісі. Болашақ дене мәдениеті мамандарын жоғары оқу орнында кәсіби даярлау үдерісі.

Зерттеудің пәні. Жоғары оқу орындарында дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындау жүйесі.

Зерттеудің болжамы: егер, жоғары оқу орнында дене мәдениеті мамандарын кәсіби даярлаудың теориялық-әдіснамалық негіздері анықталып, тұжырымдамасы жасалса, арнайы кәсіби пәндерді оқыту арқылы дене мәдениеті мамандарын кәсіби даярлау әдістемелік-тәжірибелік тұрғыда негізделсе, онда олардың кәсіби даярлық үдерісінің тиімділігі артады, өйткені дене мәдениеті мамандарының кәсіби даярлығы күрделі жүйе болып табылады.

Зерттеудің міндеттері.

  1. Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби даярлаудың әдіснамалық және теориялық негіздерін анықтау.

  2. Дене мәдениеті мамандарын жоғары оқу орындарында дайындау мазмұнының қазіргі күй-жайын анықтау.

  3. Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындау мәселесін зерттеудің тұғырлары мен ұстанымдарын айқындау.

  4. Жоғары оқу орындарында болашақ дене мәдениеті мамандарының кәсіби дайындығын жетілдірудің тұжырымдамасын жасау.

  1. Дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындаудың ғылыми-әдістемелік жүйесін жасау.

  2. Дене мәдениеті мамандарының кәсіби дайындығын қалыптастыруды тәжірибелік-эксперименттен өткізу, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.

Зерттеудің жетекші идеясы: Жоғары оқу орнында дене мәдениеті мамандарын кәсіби даярлау жүйесін теориялық-әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік тұрғыда дамыту болашақ маманның біліктілігі мен кәсіби іскерлігін қалыптастырады.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Білім беру жүйесінің философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-техникалық негіздері, тұлға дамуының жалпы философиялық ұстанымдары, біртұтастық туралы диалектикалық теориясы, ќазіргі білім беру проблемалары, кєсіби педагогика, кєсіпќойлыќ психологиясы мен жеке т±лѓаны дамыту саласындаѓы отандыќ жєне шетелдік ѓалымдардыњ тұжырымдары ќ±райды.

Диссертациялыќ зерттеудіњ єдіснамалыќ, теориялыќ, єдістемелік жєне эксперименттік ќаѓидаларын жасауда кєсіби оќыту үдерісін зерттеудегі ж‰йелілік, т±лѓалыќ жєне іс-єрекет т±рѓысынан ќараудыњ жалпы ѓылыми ұстанымдары, сонымен бірге кєсіпќойлыќ, оныњ бєсекеге ќабілетті жєне кєсіби толысќан маман болып ќалыптасуындаѓы рөлі туралы; іс-єрекеттіњ философиялыќ, психологиялыќ, педагогикалыќ жєне профессиографиялыќ теориясы туралы; проблемалыќ оќытудыњ теориялары мен әдістемелері ќолданылды.

Зерттеудіњ кµздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардыњ, психологтардыњ, педагогтардыњ, дене тәрбиесі бойынша мамандардың ењбектері; ЌР ‡кіметініњ ресми материалдары; ... білім беру жүйесіндегі дене шынықтыру мен спортты дамыту тұжырымдамасы, Білім жєне ѓылым министрлігініњ жоѓары мектептіњ білім беру мєселелеріне ќатысты нормативті ќ±жаттары мен оќу-єдістемелік кешендері (стандарттар, типтік оќу баѓдарламалары, оќулыќтар, оќу-әдістемелік ќ±ралдары жєне т.б.); Қазақстан Республикасы жоғары кәсіптік білім беру бағдарламалары; тұжырымдамасы мен бағдарламасы; педагогтардыњ ѓылыми жетістіктері мен озыќ тєжірибелері; ғылыми еңбектері.

Автордыњ жоғары оқу орнында оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, дене тәрбиесі факультетінің деканы, институт директоры қызметтеріндегі көп жылдық педагогикалыќ жєне зерттеушілік іс-әрекет тєжірибесі.

Зерттеу єдістері: зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық (талдау-біріктіру, салыстырмалы, индуктивті-дедуктивті талдау), эмперикалық (тест, сұрау, бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық іс-тәжірибелер); дене тәрбиесі, спорт, дене мәдениетінен білім беру жүйесі субъектілерінің тәжірибесін талдау, салыстыру, зерделеу, жинақтау, тәжірибелік-әдістемелік жұмыстарды жүргізу, математикалық статистикалық есептеу әдістері қолданылды.

Зерттеудіњ негізгі кезењдері.

Бірінші кезењ (1999-2002 жж.) – тєжірибелік–ізденіс жұмыстары; педагогикалыќ зерттеулер єдіснамасы мен теориясыныњ жалпы жєне арнайы мєселелері бойынша отандыќ және шетелдік єдебиеттерді маќсатты зерттеу және талдау; дене мәдениеті мамандарын даярлау тєжірибесін талдау ж±мысы ±йымдастырылды. Маманды даярлаудыњ мемлекеттік стандарттары, «Дене мәдениеті» бойынша білім беру саласындаѓы баѓдарламалар жєне бірќатар жоѓары оќу орындарында, оқу жылдарындағы негізге алынып ж‰рген мамандарды даярлау оќу жоспарлары зерделенді. Зерттеудіњ басты ќаѓидалары аныќталды, тєжірибелік-эксперимент ж±мысыныњ теориялық және єдіснамалық жүйесі ќалыптасты. Жоѓары оќу орнында “Дене шынықтыру және спорт” мамандыѓы студенттеріне арнайы кәсіби пєндерді оќытудыњ ғылыми-єдістемесін ќалыптастырудыњ қазіргі проблемаларыныњ зерттеу дењгейі аныќталды, аныќтау экспериментініњ нєтижелері µњделді.

Екінші кезењ (2002-2004 жж.) – теориялыќ–єдістемелік т±рѓыдағы жұмыстар; студенттерге арнайы кәсіби білім берудіњ кµп сатылы ќ±рылымыныњ теориялық, тұжырымдамалық, әдістемелік ерекшеліктері негізделді. Арнайы кәсіби пєндер негізінде білім берудіњ мєні мен мазм±ны жєне ќ±рылымы т±жырымдалды. Болашақ дене мәдениеті мамандарына арналған арнайы кәсіби пєндердің құрылымы және мазмұны жетілдірілді. Дене мәдениеті және спорт мамандығы шењберінде жалпы кєсіби маман даярлау тиімділігін арттыруѓа баѓытталѓан оќу үдерісініњ ќ±рылымы жетілдірілді. Ќалыптастыру эксперименті ж‰зеге асырылды.

шінші кезењ (2004-2008 жж.) – эксперименталды–ќорытындылау – жұмыстары; дене мәдениеті мамандыѓы студенттеріне арнайы кәсіби пєндерді оќытудыњ баѓдарламасын, кәсіби маман дайындау формаларын және єдістемелік ќамтамасыздандыруын жетілдіру ‰стіндегі ж±мыстары жалѓасты. Дене мәдениеті мамандыѓы студенттеріне арнайы кәсіби пєндерден білім берудіњ формалары мен әдістерін жасау ұстанымдары негізделіп, оќу-тәрбие ‰дерісіне ендірілді. Дене мәдениеті және спорт мамандарына заманауи оќыту технологиясы бойынша оќытудыњ єдістемесі жетілдіріліп тєжірибелік-экспериментте тексерілді. Педагогикалық эксперимент нәтижелері қорытындыланды, деректер статистикалық өңдеуден өтті. Пайдаланылған әдебиеттер жүйеге келтірілді. Диссертациялыќ ж±мыс талап бойынша дайындалды.
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Авторефераты қазақстан Республикасы iconАвторефераты Қазақстан Республикасы

Авторефераты қазақстан Республикасы icon2012 жылғы 15 қантарға тағайындалған
Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының сайлауына Қазақстан...
Авторефераты қазақстан Республикасы iconЕскенова Айнур Ерболовна Кедейшілікпен күресу мәселесі мен Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру деңгейін арттыру 6М050600 Экономика Магистерлік диссертация
Кедейшілікпен күресу мәселесі мен Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру деңгейін арттыру
Авторефераты қазақстан Республикасы iconС. Д. Асфендияров атындағЫ
«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына өткізілген іс-шаралар бойынша есеп» туралы
Авторефераты қазақстан Республикасы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі №1198 Қаулысы
Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидаларын бекіту...
Авторефераты қазақстан Республикасы iconДиссертация ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Ғ.Қазмағамбетов Қазақстан Республикасы
Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдаланудың педагогикалық шарттары
Авторефераты қазақстан Республикасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «парасат» Ұлттық Ғылыми-технологиялық холдингі ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ
Білім беруді ақпараттандыру саласындағы терминдер мен оның анықтамаларының қазақ тіліндегі педагогикалық сөздігі
Авторефераты қазақстан Республикасы iconРешением Общего Собрания оюл «Казахстанская Электроэнергетическая Ассоциация»
«Еңбегі сіңген энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы», «Құрметті энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы»,...
Авторефераты қазақстан Республикасы iconТатарстан республикасы конституция судының 2009 елда башкарган эше турында мәгълүмат
Татарстан Республикасы хокукый системасында Татарстан Республикасы Конституциясенең өстенлеген һәм турыдан-туры гамәлдә булуын хуплау...
Авторефераты қазақстан Республикасы iconБакы шящяри, 12 август 1999-жу ил
«Мядяниййят щаггында» Азярбайжан Республикасы Ганунунун тятбиг едилмяси барядя» Азярбайжан Республикасы Президентинин 1998-жи ил...
Разместите кнопку на своём сайте:
ru.convdocs.org


База данных защищена авторским правом ©ru.convdocs.org 2016
обратиться к администрации
ru.convdocs.org