Диссертация ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Ғ.Қазмағамбетов Қазақстан Республикасы



Скачать 473.69 Kb.
страница1/6
Дата25.06.2013
Размер473.69 Kb.
ТипДиссертация
  1   2   3   4   5   6
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік университеті

ӘОЖ 378.378:37.035.2:39 Қолжазба құқығында

ЕСЕНҒҰЛОВА МЕЙРАМГҮЛ НҰРАЛЫҚЫЗЫ

Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдаланудың педагогикалық шарттары


13.00.01– Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған

ДИССЕРТАЦИЯ

Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының

докторы, профессор А.Ғ.Қазмағамбетов


Қазақстан Республикасы

Түркістан, 2007
МАЗМҰНЫ
Кіріспе .................................................................................................................... 3


  1. Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдалану проблемасы .......................................... 8




    1. Жоғары оқу орындарында студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері ............... 9

    2. Халықтық педагогика тұрғысынан студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктері ............................................. 29

    3. Жоғары мектеп практикасында студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдалану мүмкіндіктері ....................................................................... 46

Тұжырым ................................................................................................. 67





  1. Халықтық педапгогикасы идеясы негізінде студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру әдістемесі .......................................... 69




    1. Халықтық педагогика идеялары негізінде студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру әдістемесі .................................... 69

    2. Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың жаңаша жүйесін айқындаудағы педагогикалық шарттар ................................. 88

    3. Тәжірибелік-эксперимент жұмыстардың мазмұны және оларды

талдау...................................................................................................... 102

Тұжырым ............................................................................................... 116

Қорытынды .................................................................................................... 117

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................................................
119



Кіріспе



Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда еліміздің егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпыадамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Сондықтан қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани, қарым-қатынас мәдениетімізді жетілдіру көкейкесті мәселеге айналып отыр.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік болмысын қалыптастыру, оның егемендігін нығайтып, ұлттық сана мен тәрбиемізді қалпына келтіру және өркениетті елдер қатарынан орын алу ұлттық мемлекетімізді қалыптастырудағы басты шарттардың бірі.

Жастарды халықтық педагогика идеялары негізінде қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесі ұлттық мәдениетімізді дамытуға, ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраларымыздың мәнін түсіну, тарихты зерделей отырып, жан-жақты дамыған, рухани мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеуде маңызы зор. Осы орайда ең негізгі талаптардың бірі – ұлттық қасиеттерімізді танып-білу, соның негізінде қарым-қатынас мәдениетімізді қалыптастыру. Өзімізді-өзіміз танып, өзгелерге таныту, яғни ұлттық ерекшеліктеріміз бен құндылықтарымызды бүгінгі талаптарға сәйкес жүйелеп, байытып, дамытып, басқаларға тарату арқылы өзіміздің ұлттық деңгейлерімізді көтере білу. Осыған байланысты жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді даярлау барысында ұлттық педагогика идеялары негізінде қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру кәсіби даярлықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек.

Қарым-қатынас – білім мен біліктілік, дағды және адамның ішкі құндылықтарына негізделген мәдени сауаттылығы ретінде қарастыруға болады.

Қарым-қатынас – білім мен мәдениеттің компоненті, оның бөлінбейтін бөлшегі іспетті адамзаттық дүниетанымы мен сана-сезімін жетілдірудің ерекше жолы. Ұлттық құндылықтарға негізделген қарым-қатынас мәдениеті студенттердің саналы көзқарасын, ізгілікті қарым-қатынас орнатуына, рухани-адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына, жүйелі іс-әрекет жасауына мүмкіндік береді.

Ғұлама ойшылдар Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Қ.А.Яссауи т.б. адамдар арасындағы қарым-қатынас мәселесіне, мәдениеттілік, оның қалыптасуындағы тәрбиелік істердің маңызына ерекше назар аударған. Ортағасырларлық ғұламалардың мұраларындағы бұл мәселе төңірегіндегі айтылған ой-пікірлер ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ыбырай, Абай, Шәкәрім мұраларында жалғасын тапты.

Қарым-қатынас мәдениеті жөніндегі маңызды пікірлер М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.

Бүгінгі таңда бұл проблемаға ғалымдар әр қырынан мән беріп, түрлі зерттеулер жүргізеді. Мәселен, мынадай еңбектер: қарым-қатынастың философиялық негізін В.С.Библер, Л.Н.Коган, М.Х.Балтабаев, Д.Кішібеков т.б. қарастырған. Қарым-қатынастың психологиялық мүмкіндіктерін Қ.Б.Жарықбаев, Ә.Алдамұратов, С.Бабаев, А.А.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн зерттеген т.б.

Қарым-қатынастық этномәдени аспектілерін қарастырған С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова, Ж.Наурызбай, т.б. болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындауда ұлттық тәрбие беру мәселелерін Қ.Бөлеев, Б.А.Тойлыбаев, К.А.Оразбекова, С.К.Қалиев, Ә.Қ.Қисымова, т.б. білім мазмұнын, әдістемелік міндеттерді шешуде Л.К.Керімов, С.Ж.Пірәлиев, М.Н.Сарыбеков, А.Г.Қазмағамбетов, Б.К.Момынбаев, О.Сәлімбаев, О.Сыздықов, Е.Омар т.б. еңбектерін атап өтуге болады.

Қазіргі кезде әр саладағы көрнекті ғалымдар ұлттық негіздегі қарым-қатынас мәселесінің мән-маңызына, жалпы адамзат қоғамындағы рөліне айрықша ден қоюда. Әсіресе, болашақ мұғалімдердің ұлттық педагогика идеялары негізінде қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесі арнайы зерттеуді талап ететіндігі дәлелденіп отыр.

Сонымен, ғылыми-педагогикалық және оқу-әдістемелік, т.б. әдебиеттерге жүргізілген теориялық талдаулар жоғары оқу орындарында маман даярлау үрдісінде бұл проблема толық зерттелмеген және осы негізде кәсіби білікті шыңдаудың шарты ретінде, ана тілінде зерттеулер жүргізуді талап ететіндігін дәлелдейді. Сондықтан қазіргі рухани мәдениетіміздің жаңару кезеңінде жастарымыздың қарым-қатынас мәдениетін дамыту қажеттігі мен педагогика ғылымында аталған проблеманың толықтай жүйелі түрде зерттелмеуі; оны өмір талабына сай ұйымдастыру мен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мазмұны, әдістемесінің болмауы арасындағы қайшылықтар шешімін табу бізге зерттеу проблемасын айқындап, тақырыпты “Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдаланудың педагогикалық шарттары” деп таңдауымызға себепші болды.

Зерттеу обектісі: Жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие процесі.

Зерттеу пәні: Халықтық педагогика идеялары негізінде студенттердің қарым-қатынас мәдениеттерін қалыптастыру.

Зерттеу мақсаты: Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың пеагогикалық негізін анықтап, қазіргі жоғары мектеп оқу-тәрбие процесінде пайдалану жөнінде әдістемелік ұсыныстар жасау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын жүйеге келтіріп, тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін негіздеп, бүгінгі жоғары мектептің тұтас педагогикалық процесіне енгізіп, қоғам мен ғылым интеграциясы негізінде болашақ мамандарды халықтық педагогика идеялары арқылы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мүмкіндіктеріне мән берілсе, онда адамзаттық құндылықтарды бағалай білетін, ұлттық сана-сезімі жоғары, иманжүзді, адамгершілік мінез-құлық қасиеттерін бойына жинаған жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік туындайды.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Халықтық педагогика идеялары негізінде студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жағдайларын теориялық тұрғыда қарастыру және оның жалпы кәсіби даярлықтағы орнын анықтау.

  2. Оқу-тәрбие процесінде халықтық педагогика идеялары негізінде студенттердің қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасу деңгейлерін, оның өлшемдері мен көрсеткіштерін айқындау.

  3. Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдаланудың шарттарын айқындап, ұсынылған әдістеменің тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.

Зерттеудің жетекші идеясы: Халықтық педагогика идеялары негізінде студенттердің қарым-қатынас мәденетін қалыптастыру – кәсіби даярлықтың аса маңызды бөлігі, сондықтан оны жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие процесінде мақсатты түрде жүзеге асыру қажет.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Педагогика, философия және психология ғылымдарының жеке адамды дамыту туралы ілімдері, қазақ ұлттық дәстүрлерінің философиялық және психологиялық теориясы, оқу-тәрбие процесіндегі халықтық педагогика идеяларының жеке тұлғаның қалыптастырудағы ролі туралы психологиялық – педагогикалық тұжырым, сана мен іс-әрекет бірлігі принципі, ұлттық тәлім-тәрбие, теория мен тәжірибе арасындағы байланыстар туралы қағидаларға сүйене отырып, тарихи жүйелілікті сабақтастыру.

Зерттеу көздері: философия, әлеуметтану, психология, педагогика салаларындағы ғылыми еңбектері; Қазақстан Республикасы Конституциясы; “Қазақстан - 2030 даму стратегиясы”, “ҚР Білім туралы Заңы”, “Этномәдени білім беру тұжырымдамасы” және басқа да құжаттар мен ресми материалдар, оқу-әдістемелік құралдар, бағдарламалар, озат педагогтардың тәжірибесі, автордың өзінің педагогикалық іс-тәжірибесі.

Зерттеу әдістері: Зерттеліп отырған мәселеге байланысты философиялық, педагогикалық, психологиялық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, озат педагогикалық іс-тәжірибелерді жинақтау, педагогикалық эксперимент жүргізу, оқу-тәрбие процесін бақылау, студенттермен, оқытушылармен әңгіме жүргізу, пікірталас, сауалнама алу, педагогикалық бақылау, эксперимент нәтижелерін өңдеу және қорытындылау.

Зерттеудің негізгі кезеңдері: Алғашқы кезеңде (2002-2003ж.ж.) зерттеу проблемасын анықтау үшін философиялық, педагогикалық - психологиялық және арнайы әдебиеттерге талдау жасалынды және жүйеге келтірілді, зерттеудің ғылыми және ұғымдық аппараты анықталды.

Екінші кезеңде (2003-2005ж.ж.) жинақталған деректер қазіргі педагогика ғылымының теориялық негіздері тұрғысынан сараланып, жоғары оқу орны оқу-тәрбие процесінде жеке тұлғаны қалыптастыру жүйесі талданды, тәжірибелік-эксперимент жұмыстары бағдарламасы мен әдістемесі даярланды, анықтаушы және қалыптастырушы эксперименттер жүргізілді.

Үшінші кезеңде (2005-2006ж.ж.) тәжірибелік жұмыстар нәтижелері жүйеленіп, қорытындылары шығарылды және әдістемелік ұсыныстар жасалынды.

Зерттеу базасы: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, Ақтөбе “Дүние” университеті, С.Бәйішов атындағы Ақтөбе университеті.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:

  • студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдалану мәселесі теориялық тұрғыда қарастырылып, оның жалпы педагогикалық даярлық жүйесіндегі маңыздылығы анықталды;

  • халықтық педагогика идеялары негізінде студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үлгісі құрылып, деңгейлері мен өлшемдері анықталды;

  • студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдаланудың педагогикалық шарттары анықталып, әдістеменің тиімділігі тәжірибе жүзінде тексерілді.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: зерттеу нәтижелерін болашақ мұғалімдердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мақсатында жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие процесінде және мектеп практикасында, сондай-ақ педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру институттарында қолдануға болады.

Қорғауға ұсынылады:

  • халықтық педагогика идеялары негізіндегі “студенттердің қарым-қатынас мәдениеті” ұғымының тәрбиелік мәні мен маңызы;

  • студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдаланудың мүмкіндіктері, деңгейлері, өлшемдері мен көрсеткіштері;

  • студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың әдістемесі және оның нәтижелері.

Зерттеудің нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі талапқа сай әдіснамалық және теориялық қағидалармен, зерттеу пәніне сәйкес әдістерді қолданумен, эксперимент бағдарламасының педагогикалық мақсатқа сәйкестігімен, теориялық тұжырымдардың практикадан алынған нәтижелерімен үйлесілімділігі және олардың тиіміділігін тәжірибе жүзінде тексерумен, оны практикаға ендірумен қамтамасыз етіледі.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру эксперимент барысында және халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-практикалық, конференцияларда (Ақтөбе, 2003; Атырау,2005; Тараз,2005; Ақтөбе, 2006; Орал, 2006; Алматы, 2006; Котлас (Ресей) 2007 т.б.), республикалық баспа беттерінде, жоғары оқу орындарындағы ғылыми семинарларда, ғылыми-әдістемелік кешеннің мәжілістерінде, талқыланып, жоғары оқу орындары оқу-тәрбие процесіне және Ақтөбе қаласының жалпы білім беретін орта мектептері практикасына ендірілді.

Диссертация құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп,объектісі, пәні, ғылымы болжамы, міндеттері анықталды, әдіснамалық негізі, ғылыми жаңалығы мен қорғауға ұсынылатын негізгі мәселе, зерттеудің практикалық мәнділігі көрсетіледі.

Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдалану проблемасы” атты бірінші тарауда жоғары оқу орындарында студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері сараланып, зерттеліп отырған мәселеге байланысты негізгі ұғымдарға талдау жасалып, мазмұны мен мәні ашып көрсетіледі. Соның негізінде студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үлгісі мен деңгейлеріне сипаттама беріледі. Жоғары мектеп практикасында студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдалану мүмкіндіктері көрсетіледі.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар нәтижелері” атты екінші тарауда студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың жаңаша жүйесін айқындаудағы педагогикалық шарттар, оқу-тәрбие процесіндегі мүмкіндіктер және тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының мазмұны мен әдістемесі, зерттеу нәтижелері баяндалады.

Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижелері жүйеленіп, нақтыланып, негізгі тұжырымдары ұсынылады және болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығын жетілдіру туралы ұсыныстар жасалып, осы салада әрі қарай зерттеулерді қажет ететін мәселелер айқындалады.

  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Диссертация ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Ғ.Қазмағамбетов Қазақстан Республикасы iconМәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы 1 Том
Е. Жанпейісов – А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының Бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор
Диссертация ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Ғ.Қазмағамбетов Қазақстан Республикасы icon2012 жылғы 15 қантарға тағайындалған
Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының сайлауына Қазақстан...
Диссертация ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Ғ.Қазмағамбетов Қазақстан Республикасы iconБиология ғылымдарының докторы, профессор м а. Байтурсинов Кожахмет Кулахметович
Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтындағы ветеринария факультетін тәмамдаған
Диссертация ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Ғ.Қазмағамбетов Қазақстан Республикасы iconЕскенова Айнур Ерболовна Кедейшілікпен күресу мәселесі мен Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру деңгейін арттыру 6М050600 Экономика Магистерлік диссертация
Кедейшілікпен күресу мәселесі мен Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру деңгейін арттыру
Диссертация ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Ғ.Қазмағамбетов Қазақстан Республикасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «парасат» Ұлттық Ғылыми-технологиялық холдингі ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ
Білім беруді ақпараттандыру саласындағы терминдер мен оның анықтамаларының қазақ тіліндегі педагогикалық сөздігі
Диссертация ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Ғ.Қазмағамбетов Қазақстан Республикасы iconАвторефераты Қазақстан Республикасы

Диссертация ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Ғ.Қазмағамбетов Қазақстан Республикасы iconАвторефераты қазақстан Республикасы

Диссертация ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Ғ.Қазмағамбетов Қазақстан Республикасы iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Научно-методический семинар: «Оқушылардың ғылыми–зерттеу жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық мүмкіндіктері»
Диссертация ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Ғ.Қазмағамбетов Қазақстан Республикасы iconС. Д. Асфендияров атындағЫ
«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына өткізілген іс-шаралар бойынша есеп» туралы
Диссертация ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Ғ.Қазмағамбетов Қазақстан Республикасы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі №1198 Қаулысы
Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидаларын бекіту...
Разместите кнопку на своём сайте:
ru.convdocs.org


База данных защищена авторским правом ©ru.convdocs.org 2016
обратиться к администрации
ru.convdocs.org