П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел



страница8/21
Дата28.08.2013
Размер2.47 Mb.
ТипДокументы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21

27 желтоқсан Ғалым, тарих ғылымдарының докторы С. Б. Бейсембаевтың туғанына

100 жыл (1912-1989)
Серікбай Бейсембаев 1912 жылы 27 желтоқсанда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. 1928 жылы Павлодар қаласындағы орта мектепті бітіріп, комсомолдық жолдамамен Семей қаласындағы техникумға оқуға барады. Техникумды үздік бітіргеннен кейін Воронеж қаласына, кейін Украина кеңестік сауда институтына (Харьков қаласы) оқуға жіберіліп, оны 1936 жылы бітірген. 1936-1937 жылдары әскер қатарынан оралып комсомолдық жұмысқа араласады. 1939 жылдың соңына қарай С.Бейсембаев Қазақстан КП(б) ОК жанындағы республикалық насихатшылар мектебінің орынбасары болып еңбек етті.

Ғалым Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1946 жылы шілдеде полковник С.Бейсембаев әскер қатарынан босап, соғысқа дейін еңбек еткен республикалық жоғары партия мектебінде жұмыс істеді. Екі жылдан кейін аспирантураға түсіп, 1951 жылы кандидаттық диссертация қорғаған. Ғалым өзінің зерттеулерінде тарихтың өзекті мәселелерін тереңнен қарастырады. Қазақ дереккөзтану саласындағы ең алғашқы басылым академик С.Б.Бейсембаевтың редакциясымен шығарылған “Балқаштағы мыс алыбы” атты құжаттар мен материалдардың екі томдық жинағы болып табылады. Сол уақытта республикада мұндай басылым болмаған еді. “Ленин және Қазақстан” атты күрделі монографиясы кандидаттық диссертациясының тақырыбын дамыта түсті. Осы ғылыми еңбегі үшін ғалымға 1970 жылы Ш.Уәлиханов атындағы алғашқы сыйлық тағайындалады.

С.Бейсембаевтың тарих ғылымына қосқан үлесі өз дәрежесінде бағасын алған. Ол Қазақ КСР ғылым Академиясының алдымен мүше-корреспонденті (1970), кейін толық мүшесі (академик) болады (1975). Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумының 1972 жылы 13 қазандағы Қаулысымен С.Б.Бейсембаевқа Қазақ КСР ғылымына еңбек сіңірген қайраткері атағы берілген. 1939 – 1944 жылдары Минск және Архангельск қалаларындағы әскери училищелерде қызмет етті. 1949 – 1951 жылдары сонда аға оқытушы, 1952 – 1955 жылдары ҚазМУ – дің кафедра меңгерушісі, 1955 – 1963 жылдары Қазақстан КП ОК –нің ғылым және мәдениет бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1964 жылдан ғұмырының соңына дейін Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихи институтының директоры болды. Тарих ғылымдарының докторы (1969).

С.Бейсембаевтың негізгі ғылыми зерттеулері Қазақстан мен Орта Азиядағы саяси партиялардың құрылу тарихына, СОКП ұйымдарының қызметін талдауға арналған. 200-ден астам ғылыми еңбектері жарияланған. Соның ішінде көптеген монографиялар, очерктер мен брошюрлар бар. Республикада архивтік құжаттардың жиналуын ұйымдастыру, мамандар даярлау ісіне үлкен үлес қосты.

Ғалым Еңбек Қызыл ту, 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл жұлдыз ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Әдебиеттер

Бейсембаев Серікбай // Қазақ ССР: қысқаша энциклопедия. – 4 т. – Алматы, 1988. – 3 т. – 130 – 131 б.

Бейсембаев Серікбай // Қазақстан: ұлттық энциклопедия. – Алматы, 1999. – 2 т. – 247 – 248 б.

Арын, Е.
Тарихи ғылымның тұлғалы өкілі / Е. Арын, А. Нухұлы // Сарыарқа самалы. – 2002. – 29 тамыз. – 5 б.

31 желтоқсан Жазушы З. Ж. Шашкиннің туғанына 100 жыл (1912-1966)
Зейін Жүнісбекұлы Шашкин 1912 жылы 31 желтоқсанда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. 1930 – 1933 жылдары Москваның тарих, философия және әдебиет институтында (МИФЛИ) оқыған. 1933–1937 жылдары Қарағанды қалалық комсомол комитетінің хатшысы, Семей пед.институтында, ҚазПИ – де (қ. Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университеті) оқытушы, 1949 – 1955 жылдары Көкшетаудағы Бурабай санаторийінің Бармашы (қ. “Светлый”) пансионатында дәрігер, ал 1955 – 1966 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағында кеңесшісі қызметтерін атқарды.

З.Шашкин баспасөзде алғаш өлеңдерімен, зерттеу мақалаларымен 30 жылдардан бастап көрінді. 1934 жылы “Абай поэзиясының ерекшелігі” атты еңбегі жарияланды. Е.Ысмайыловпен бірігіп жоғары оқу орындарына арналған “Әдебиет теориясының оқулығын” (1940) жазды. Кейін Қазан төңкерісі қарсаңындағы қазақ ауылының тарихи - әлеуметтік халі, әрі 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, жеке адамдардың жан-дүниесі, олардың дүние танымы суреттелген “Таң атты”, “Ұядан ұшқанда”, сондай-ақ халықтар достығы, замандастарының өмірі, туған жерге деген сүйіспеншілігі тартымды бейнеленген “Темірқазық”, “Өмір тынысы”, “Ақбота” повестері мен әңгімелер жинағы, Жетісудағы саяси әлеуметтік өзгерістерді кезең көрінісімен шынайы өрнектеген “Тоқаш Бокин” (1958) шығармалары бар.

Қазақ әйелінің қоғамдағы алатын орны, оның өндірісті, өнер- білімді, мәдениетті өрге бастаудағы және жан -ұядағы ролі, әлеуметтік, этикалық, эстетикалық көзқарастары баяндалатын “Теміртау” (1960), адамдар санасындағы және тұрмыстағы жаңа салт, озық дәстүрлерді таратудағы зиялы қауымның ролі, дәрігердің қоғам алдындағы парызы, басшы қызметкерлердің еңбек адамдарымен қарым- қатынасы, өзара сенім, достық, бірлік рухын қалыптастырудағы өнегесі айшықты кестеленген “Доктор Дарханов” (1962), тың және тыңайған жерлерді игерудің алғашқы кезеңіндегі көрген қиыншылықтары, ой-арманы, адамгершілік асыл қасиеттері арқау етілген “”Сенім” (1966) романдары жарық көрді.

“Заман осылай басталады”, “Ақын жүрегі” пьесалары республикалық, облыстық драма театрларында қойылды. Оның шығармалары негізінде “Мазасыз таң” атты көркем фильм түсірілді. Туындылары шетел халықтары тілдеріне аударылды. “Құрмет Белгісі” орденімен марапатталған.
Әдебиеттер

Шашкин Зейін // Қазақ әдебиеті: энциклопедия. - Алматы, 1999. – 684 б.

Шашкин Зейін // Қазақ әдебиеті. энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы, 2005. – 548 б.

Шашкин Зейін // Қазақ ССР: қысқаша энциклопедия. – 4т. – Алматы, 1989. – 4т. – 627 – 628 б.

Шашкин Зейін // Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр: анықтамалық . – Алматы, 2004. – 337 б.

***

Ақшолақов, Т. Зерделі ойдың зергері / Т.Ақшолақов // Қазақ мұғалімі. – 2003. – 28 ақпан. – 6 б.

Әбіш, А. Сегіз қырлы талант иесі / А.Әбіш // Сарыарқа самалы. – 2003. – 1 ақпан. – 1 – 2 б.

2002. – 17 қыркүйек. – 6 б.

Мұсабай, С. Зейін Шашкин ұмытылмауы тиіс / С. Мұсабай // Сарыарқа самалы. – 2002. – 8 қараша. – 4 б.

Шашкин, Д. Асқар тауым еді / Д. Шашкин // Жұлдыз. – 2002. – № 11. – 142 – 154 б.

Жанділдин, Н. Сержант Шашкин: [Павлодар облысының Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы З. Шашкиннің ағасы Д. Шашкин туралы] / Н. Жанділдин // қазақ әдебиеті. – 2011. – 6 – 12 мамыр (№ 18). – 3 б.

Сейітжанов, С. Зейін Шашкиннің жазушылық шеберлігі: [жазушы З. Шашкиннің шығармашылығы туралы] / С. Сейітжанов.// Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2008. - № 2. – 66 – 68 б.

Сейітжанов, С. «Теміртау» романының жазылу тарихы: [жазушы З. Шашкиннің шығармашылығы туралы] / С. Сейітжанов.// Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2008. - № 4. – 111 – 114 б.

Айы мен күні белгісіз Павлодар облысының еске алынатын және аталып өтілетін күндер тізімі

Ақын, әнші Қ. Байжановтың туғанына 135 жыл (1877-1966)
Байжанов Қали 1877 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданының “Қайыңдыкөл» деген жерінде туған. Еңбекке жастайынан араласқан ол он бес жасынан бастап «Екібастұзда» шахтер, онан соң «Желтау» «Казмедстрой» құрылыстарында қалаушы болып істейді. Осылайша тұрмыс жағдайын бірте-бірте түзей бастап, енді ел ішіндегі ең таңдаулы әншілердің жанына еріп, олардан ән үйренуге ұмтылады. Ата-анасынан ерте айырылған.

Қали аспандағы аққуға үнін қосқан атақты әнші Біржанның шырқаған әсем әндерін өз аузынан естіп, одан үлгі алды. Әйгілі халық композиторы Жаяу Мұсаның алдында бірнеше рет ән айтқан. Көңілінен шыққан жас Қалиды өзінің бірсыпыра әндерін үйретеді. Солардан “Кідігай”, “Қоңыр”, “Толқыма”, “Хаулау”, “Қауһар қыз”, “Сапар” және “Ақ сиса” атты әндері әнші репертуарынан мәңгілік орын алады. Қали Ұлы Абайдың алдында да ән салған.

Қ.Байжановтың әншілік жолына бағыт-бағдар беріп баулыған, өзіндік ән айту мәнерін қалыптастырған Арқа еліне атағы жайылған Жарылғапберді Жұмабайұлы болды. Қозыкенің “Топайкөк”, Шама Нұрұлының “Шама”, Ақан серінің “Сырымбет”, “Құлагер”, Біржан салдың “Жанбота”, Бүркітбайдың “Ақбет” әндерімен қоса, халық әндерін де асқан шеберлікпен орындады.

Қали Байжанов қазақ өнерінің іргетасын қалаушылардың бірі. 1927 жылы Александр Затаевичтің ұйымдастыруымен Мәскеуде өткен тұңғыш этнографиялық концертке қатысқан аз ғана топтың ішінде де Қ.Байжанов болды. Алғаш ұйымдастырған драма театрында біраз уақыт әртіс болып, кейін бірыңғай әншілік өнерге кетеді де ұзақ уақыт Қарағанды қаласында облыстық радионың және Б.А.Орлов басқаратын хордың жеке дауыстағы әнші-солисі болып істейді.

Әнші өнердің асқарына өзі шығып қана қоймай басқалардың да шеберлігін жетілдіруге ерекше мән берген адам. Бүкіл қазақ қауымына аты мәлім Жүсіпбек Елебековтен бастап, Мағауия Көшкімбаев, Нығман Әбішев, қарағандылық Рахметжан Ибраев, Зәбира Жұбатова, Жаңыл Қартабаева, Мұрат Толыбаев сияқты үздік әншілер де Қали Байжановтың шәкірті болып саналады.

Қ.Байжанов әншілік саласында мол мұра қалдырды. Қазақ Ұлттық академиясының қорында елу шақты қазақ әндерін үн таспаға жаздырып қалдырған. Ұзақ жылдар өнер саласында сіңірген еңбектері үшін 1938 жылы ҚазКСР –нің еңбек сіңірген әртісі, 1945 жылы Қазақстанның халық әртісі деген құрметті атаққа ие болды.
Әдебиеттер

Байжанов Қали // Қазақ мәдениеті: энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы, 2005. – 109 б.

Байжанов Қали // Қазақ ССР: қысқаша энциклопедия. – 4 т. – Алматы, 1989. – 4 т. – 163 б.

Байжанов Қали // Қазақстан: ұлттық энциклопедия. – Алматы, 1999. – 54 б.

Бәделхан, А. Арқаның асқақ әншісі / А. Бәделхан // Сарыарқа самалы. – 2002. – 17 мамыр. – 10 б.

Дәрігер А. Сүлейменовтың туғанына 135 жыл (1877-1937)
Сүлейменов Арын 1877 жылы Павлодар облысы Май ауданында туған. 1902 жылы Омбы фельдшер мектебін бітірген. Павлодар уездік ауруханасында, Баянауыл ауданында дәрігер болып жұмыс істеді. 1919 -1925 жылдары фельдшерлік пунктінің меңгерушісі, соттық – медициалық эксперт. 1925 – 1926 жылдары уездік денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі. 1926 – 1937 жылдары аурухана меңгерушісі болды. 1937 жылы Сүлейменов Арын тұтқынға алынып, кейінгі уақытта ақталған.
Әдебиеттер
Исабаев, Қ. Алғашқы қарлығаштардың бірі / Қ.Исабаев // Қызыл ту. – 1987. – 1 желтоқсан.

Құрманғалиұлы, М. Ел ризашылығы / М.Құрманғалиұлы // Қызыл ту. – 1991. – 20 тамыз.

Ақын, әнші Қ.И.Бердалиннің туғанына 145 жыл (1867-1935)
Ақын, мемлекет қайраткері Бердалин Қабыш Исаұлы 1867 жылы Семей облысы Павлодар уезінде (қ.Павлодар облысы) дүниеге келген. Атақты Қазанғап байдың ұрпағы. Естай ақынның жетекшісі болған. 1917 жылы ақпан төңкерісіне дейін Павлодар уезі Қараоба болысының басқармашысы қызметін атқарған. 1917 жылы Павлодар атқарушы органына сайланып, қалалық Думаның мүшесі болды.

1917 жылы Қабыш Бердалин “Алаш” партиясының мүшесі ретінде Орынбор қаласында болған 2 –ші барлық қазақтар съезінде Павлодар уезінің өкілдігінде болды. Ал, 1918 жылы Павлодар уезд жиынында бір дауыстан Павлодар уезі “Алаш” партия комитетінің председателі болып сайланды.

Қ.Бердалин діни және абыройлы адам ретінде танылып, мұсылмандар рухани басқарма орталығымен Мұхтасиб қызметіне ұсынылады. Кейін ресейлік мұсылмандар діни басшылар съезі жұмысына қатысады.

1928 жылы 18 қазанда Павлодар окрисполком Президиумының №19 Жарлығымен Бердалин Қабыш отбасымен Ақтөбе уезіне қуылып, мүлігі конфискеленген.1934 жылы “революцияға қарсы әрекеттері” үшін Сібір лагеріне қамауға алынған. Сол жерде көз жұмған. 1957 жылы ақталған.
Әдебиеттер

Қ. И. Бердалин // Павлодар өңірінің ақын – жыраулары. – Павлодар, 2004. - 27 б.

Болтина, В. Қабыштың қайғылы тағдыры: [қоғам қайраткері, ақын Қ. Бердалин]/ В. Болтина

// Сарыарқа самалы. – 2007. – 25 желтоқсан.
Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекелері
16-17 желтоқсанда аталып өтілетін Тәуелсіздік күні.
Мемлекеттік мерекелер

1 -2 қаңтар - Жаңа жыл

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні

21 – 23 наурыз- Наурыз мейрамы

1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күні

9 мамыр- Жеңіс күні

4 маусым- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні

6 шілде- Астана күні

30 тамыз- Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
ҚР-ның кәсіби және басқа да мерекелер тізімі

7 қаңтар Рождество

2 сәуір Геологтар күні (сәуірдің алғашқы жексенбісі)

12 сәуір Ғылыми қызметкерлер күні

7 мамыр Отан қорғаушылар күні

28 мамыр Химиялық өнеркәсіп қызметкерлері күні (мамырдың соңғы жексенбісі)

31 мамыр Саяси қуғын-сүргін мен аштық құрбандарын еске алу күні

4 маусым Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздер күні

5 маусым Экологтар күні

6 маусым Қаржы полициясы күні

11 маусым Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні (маусымның екінші жексенбісі)

18 маусым Медициналық қызметкерлер күні (маусымның екінші күні)

23 маусым Полиция күні

28 маусым Байланыс және ақпарат қызметкрелері күні

2 шілде Дипломатиялық қызмет күні

13 шілде Ұлттық қауіпсіздік орган қызметкерлері күні

16 шілде Металлургтер күні (шілденің үшінші жексенбісі)

6 тамыз Көлік қызметкерлері күні (тамыздың бірінші жексенбісі)

13 тамыз Құрылысшылар күні (тамыздың екінші жексенбісі)

20 тамыз Спорт күні (тамыздың үшінші жексенбісі)

27 тамыз Шахтер күні (тамыздың соңғы жексенбісі)

1 қыркүйек Білім күні

3 қыркүйек Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні (қыркүйектің бірінші жексенбісі)

17 қыркүйек Қазақстан халқы тілдерінің күні (қыркүйектің үшінші жексенбісі)

24 қыркүйек Мәдениет және өнер қызметкерлері күні (қыркүйектің соңғы жексенбісі)

24 қыркүйек Машинажасаушылар күні (қыркүйектің соңғы жексенбісі)
28 қыркүйек Атом саласы қызметкерлерінің күні

30 қыркүйек Әділет органы қызметкерлері күні

1 қазан Мұғалімдер күні (қазанның алғашқы жексенбісі)

19 қазан Құтқарушылар күні

29 қазан Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні (қазанның соңғы жексенбісі)

8 қараша Статистика күні

15 қараша Ұлттық валюта - теңге күні - Қазақстан Республикасы қаржы жүйесі қызметкерлерінің төл мерекесі

19 қараша Ауыл шаруашылық қызметкрелері күні (қарашаның үшінші жексенбісі)

6 желтоқсан Прокуратура күні

12 желтоқсан Кеден органы қызметкерлері күні

17 желтоқсан Энергетика күні (желтоқсанның үшінші жексенбісі)

2012 жылға Қазақстан Республикасы еске алу күндерінің көрсеткіші
2012 год Астана –2012 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы болады

Қаңтар

1 қаңтар әнші, Кеңес Одағының халық әртісі Р.Бағланованың туғанына 90 жыл (1922-2011)

5 қаңтар қазақ фольклорын зерттеуші В.В.Радловтың туғанына 175 жыл (1837-1918)

9 қаңтар ақын Қ.Мүсіреповтың туғанына 80 жыл (1932-1967)

12 қаңтар қоғам және мемлекет қайраткері Д.А.Қонаевтың туғанына 100 жыл (1912-1993)

16 қаңтар “Ленинская смена” (“Экспресс К”) басылымының құрылғанына 90 жыл (1922)

17 қаңтар жазушы Э.Ғаббасовтың туғанына 75 жыл (1937)
Ақпан

1 ақпан ағартушы -демократ, заңгер Ж.А.Сейдалиннің туғанына 135 жыл (1877-1923)

13 ақпан ақын Ш.С.Бөкеевтің туғанына 165 жыл (1847-1920)

18 ақпан балалар ақыны Е.Елубаевтың туғанына 70 жыл (1942)

23 ақпан балалар жазушысы М.Қаназовтың туғанына 70 жыл (1942)
Наурыз

8 наурыз әнші, ҚазССР халық әртісі Ж.Омарованың туғанына 100 жыл (1912-1976)

22 наурыз жазушы Ғ.Мүсіреповтың туғанына 110 жыл (1902-1986)

24 наурыз композитор, ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Б.Байқадамовтың

туғанына 95 жыл (1917-1977)

27 наурыз әдебиеттанушы С.Қирабаевтың туғанына 85 жыл (1927)
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21

Похожие:

П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел iconВолгоградское муниципальное учреждение культуры «Централизованная система городских библиотек» Центральная городская библиотека
«Опечаленное и негодующее сердце» : рекомендательный библиографический список / Центральная городская библиотека, Информационно-библиографический...
П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел iconУ каждой улицы своя жизнь…
У каждой улицы своя жизнь…: информационно-библиографический справочник / сост. Л. С. Чаленко; ред. О. В. Гречишникова; Центральная...
П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел iconҒылыми кітапхана Научная библиотека Ғылыми библиографиялық бөлім
Металлургиядағы инновациялық технологиялар. Мәселелері. Болашағы.= Инновационные технологии в металлургии. Проблемы и перспективы:...
П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел iconГ о. Самара «Централизованная система детских библиотек» Центральная городская детская библиотека Информационно-библиографический отдел к 160-летию Самарской губернии Биобиблиографический справочник
Самарцы в кино
П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел iconГородских библиотек
О, сколько горя и страданий…: к 95-летию геноцида армянского народа : дайджест / [сост. В. П. Копанева]; Центральная городская библиотека,...
П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел iconЦентральная библиотека им. Г. Тукая Информационно-библиографический отдел

П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел iconГрёзы об Испании… Информационный буклет
Грезы об Испании… : информационный буклет / Волгогр. Мук «цсгб», Центральная городская библиотека, Информационно-библиографический...
П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел iconВолгоградское муниципальное учреждение культуры «Централизованная система городских библиотек» Центральная городская библиотека Информационно-библиографический отдел франция
«У каждого человека две родины – его собственная и Франция», утверждал Анри де Борнье. И это действительно так. Еще в детстве мы...
П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел iconЦентральная городская библиотека им. М. Горького библиографический отдел
Человеком года-2002" назван Сергей Лопатин (звание присваивается в пятый раз читателями газеты "Город и горожане")
П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел iconГ о. Самара «Централизованная система детских библиотек» Центральная городская детская библиотека Информационно-библиографический отдел к 160-летию Самарской губернии Биобиблиографический справочник
Не обделённым оказался и кинематограф. Биобиблиографический справочник «Самара – российскому кинематографу» познакомит вас с земляками,...
Разместите кнопку на своём сайте:
ru.convdocs.org


База данных защищена авторским правом ©ru.convdocs.org 2016
обратиться к администрации
ru.convdocs.org